Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне кіру: шетел азаматтары үшін билет бағасы өсті

1 520

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. Фото: АқордаШетел азаматтары үшін Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағына кіру билетінің бағасы өзгерген,- деп хабарлайды "Әзірет Сұлтан" Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығына сілтеме жасаған Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Қорық әкімшілігінің хабарлауынша, бағалар тізбесін Мәдениет және ақпарат министрлігі бекіткен.

Оған сәйкес, 2026 жылғы 10 маусымынан бастап Қ.А.Ясауи кесенесі аймағына, Ясауи музейі мен Сирек жәдігерлер залына кіру билеттерінің құны алыс шетел азаматтары үшін 5000 теңге, жақын шетел (ТМД) азаматтары үшін 2000 теңге болып бекітілген.

Қазақстан азаматтары үшін билет бағасы бұрынғы қалпында сақталады.

ересектер үшін кіру ақысы – 1000 теңге;

студенттер мен зейнеткерлер үшін – 500 теңге;

мектеп оқушылары үшін – 300 теңге.

Алайда оқушыларға қазіргідей демалыс кезеңінде кіру тегін.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.