Әкімдік 2,5 миллиард теңгені заңсыз жұмсамақ болған

1 552

Фото: Zakon.kzКөкшетауда әкімдік көппәтерлі тұрғын үй салуға 2,5 миллиард теңгеге заңсыз шарт жасасқан, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекеттік сатып алу кезінде әкімдік заңнама талаптарын бұзған. 


"Көкшетау қаласының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу бағытында қала әкімдігінің заңнама талаптарын бұзып, құны 2,5 миллиард теңге тұратын көппәтерлі тұрғын үй салуға шарт жасасқанын анықтады. Алайда конкурс өткізілмейді. Прокуратураның қадағалау актісі бойынша талап қойылып, 13 ақпанда сот шартты жарамсыз деп таныды", – делінген хабарламада.


Деректерге сай, бұл ақшалай қаражат басқа әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға бағытталған. Ал кінәлі деп танылған адамдар заңмен жауапкершілікке тартылды.