Белгілі әртіс Санжар Мәди 10 студентке шәкіртақы ретінде 50 000 АҚШ долларын бөлді

2 249

inbusiness.kzБұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қуана айтты.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің сөзінше, белгілі әртіс Санжар Мәди Қаскелең қаласында ашылатын Нью-Йорк киноакадемиясының жаңа филиалында білім алатын 10 студентке шәкіртақы ретінде 50 000 АҚШ долларын бөлді, – деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парағына жазды.

Мемлекет басшысы министрлікке Қазақстанда ашылған шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын дамыту және білім алуға ұмтылған жастар үшін мүмкіндіктер жасау жөнінде тапсырма берген болатын. Бұл бағытта жүйелі жұмыс атқарылуда.

Осы міндет аясында белгілі актер, продюсер Санжар Мәди мырзамен кездестім. Студенттер мен жас дарындарды қолдауға бағытталған бірқатар жобаны талқыладық.

Санжар Мәди Қаскелең қаласында ашылатын Нью-Йорк киноакадемиясының жаңа филиалында білім алатын 10 студентке шәкіртақы ретінде 50 000 АҚШ долларын бөлді. Бұл –  білім мен адами капиталды дамытуға жасалған инвестицияның жарқын үлгісі.  Аталған игі бастама үшін министрлік атынан алғыс білдірдім. Расында, бұл ізгі іс –  жай ғана демеушілік емес, бұл –  ел болашағына құйған инвестиция, –  деп жазды министр Саясат Нұрбек.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.