Қызылордада бір жасар сәби септикке құлап көз жұмды

199

Қызылорда облысында есік алдындағы септикке құлаған бір жастағы сәби көз жұмды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

 


Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментіне 26 наурызда сағат 12.55- те хабарлама түскен.

«Онда Сырдария ауданы Тереңөзек кентіндегі жеке тұрғын үйде 2022 жылы дүниеге келген сәби септикке құлап, көз жұмғаны айтылған. Сәби ересектердің қарауынсыз қалған. Оның мәйітін туыстары өз күшімен сыртқа шығарды», - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Айгүл Нұрманова.


Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында 2 жасар сәби құдыққа құлап, көз жұмды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.