Қызылорда облысында 2021 жылы туған сәби құдыққа түсіп көз жұмды

991

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында 2 жасар сәби үй ауласындағы құдыққа түсіп қаза болды, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

 


Бүгін сағат 13-тен 54 минут өткенде Департаменттің Дағдарыс жағдайында басқару басқармасына төмендегіше хабарлама келген;


Жаңақорған ауданы, Қандөз ауылы, С.Молдалиев көшесіндегі тұрғын үйде 2021 жылы туылған Түркістан облысы, Сауран ауданы, Балтакөл елді мекенінің тұрғыны бүгін сағат 11-ден 30 минут өткен шамасында ауладағы су алатын құдыққа түсіп қайтыс болды.

Қайтыс болған бала Жаңақорған ауданы, Қандөз ауылы, С.Молдалиев көшесіндегі тұрғын үйге, яғни нағашысының үйіне қыдырып анасымен бірге келген.


Құрметті тұрғындар! Сіздерден балаларды бір минутқа да қараусыз қалдырмауларыңызды сұраймыз.




Қызылорда облысы ТЖД

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.