Бұдан былай әкімдіктер зираттағы бос учаскелер туралы ақпаратты орналастыруға міндеттелмек
Қазақстанда жерлеу және қабірлерді күтуді ұйымдастырудың ережелеріне өзгерістер енгізілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қағидаларда жергілікті атқарушы органдар туысы жоқ адамдарды жерлеуді, зираттарды күтіп-ұстауды және оларға қызмет көрсетуді ұйымдастырады, сондай-ақ оның шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады деген тармақ нақтыланады.
Бұрын ережелер тек зираттарды күтіп ұстауды қарастырған.
Жергілікті атқарушы орган мен зират әкімшілігі арасында зираттарды жерлеуге, күтіп-ұстауға және оларға қызмет көрсетуге шарт жасасу өткізілетін конкурстың қорытындылары бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес мерзімде жүзеге асырылады.
Бұл ретте құжатта жергілікті атқарушы органдар қайтыс болған әрбір азаматқа немесе белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамға жерлеу үшін зираттар орналасқан және оларға арналған жалпы пайдаланымдағы жерлерден кемінде 6 м2 пен 8,1 м2 болатын жер учаскесін тегін бөлетіні көрсетіледі.
Құжат 21 қыркүйекке дейін ашық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.