Алматы облысында жас спортшы қыз туған күні қарсаңында қаза тапты

402

Алматы облысында жас спортшыны көлік қағып өлтірді- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға Үштөбе қаласының маңында, Ортатөбе ауылында болған. Toyota автокөлігінің жүргізушісі жол жиегінде кетіп бара жатқан 15 жастағы қызды қағып кетті. Көлік апаты қараңғы жерде орын алған.

2005 жылы туған Анастасия Тодорова туған күні қарсаңында қайтыс болды. Анастасия пауэрлифтингпен айналысқан. Сол кеште куәгерлердің айтуынша, ол жаттығудан үйіне қайтып бара жатқан.

Алматы облысының полиция департаменті оқиға 9 қарашада сағат 18.30 шамасында болғанын хабарлады.

"Жаяу жүргіншіні Toyota Mark II автокөлігімен қағып кеткені анықталды. Шетелдік көлікті 27 жастағы ер адам басқарды, ол солтүстік бағытта жүріп, Ортатөбе кентінің маңында жол апатына ұшырады.15 жастағы қыз жол жиегінде көліктің бағытымен кетіп бара жатты. Апат салдарынан зардап шеккен қыз оқиға орнында көз жұмды", – деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.