СОТТАЛҒАНДАР ТІККЕН КИІМДЕРДІҢ СҰРАНЫСЫ ЖОҒАРЫ

317
ЗК-169-5 мекемесінде жазасын өтеушілердің қолымен тігілген арнайы жұмыс киімдері мен қолғаптары мұнай компанияларына жөнелтілуде,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Түзеу мекемесінде сотталғандарды жұмыспен қамтып отырған «Ас-кА» ЖШС-гі мамандарының  мәлімдеуінше «Айдан-Мұнай», «КазГерМұнай», «СиБу»және басқа  да компаниялардың жұмысшылары бірнеше жылдан бері осы мекеменің  дайындаған киімдерін тұтынады.  Ол үшін жыл сайын екі тарап өзара келісім-шарт жасасатын көрінеді. 

-    Өз қиындығым мен ауыр ойдан арылу үшін осы тігінді меңгеруге ден қойдым. Бар ықыласыммен кіріскен соң шығар мен үшін тігін тігу аса қиынға соққан жоқ. Қазір күніне 2 арнайы киім тігемін. Барынша сапалы, жылы болуын ойластырамыз,-деді сотталған.

Айта кетейік, сотталғандар қыстық, жаздық арнайы киімдерімен қатар мезгілге сай жұмыс қолғаптарында тігіп келеді. Сапалы өнімге сұраныс та жоғары. 

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.