Сыйынар ем, Ана деген тәңірге...

317

Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Сыйынар ем, Ана деген тәңірге...» атты мерекелік іс-шара өтті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
 
Салтанатты кешке Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің, басқармасы мен бөлімдерінің әскери қызметшілерінің аналары мен жұбайлары, Қарулы күштердің ардагерлері, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Қаламқас Каримова қатысты.
Жиынды ашқан жергілікті әскери басқару органының бастығы полковник Айдын Сағынбеков әйел-аналарды көктем мерекесімен құттықтады. Ол өз сөзінде мерекелік шараның мақсаты әскери қызметшілердің мәртебесін көтеру, болашақ Отан қорғаушыларын тәрбиелеп отырған аналарға құрмет көрсету екенін атап өтті.

 – Ана – тіршіліктің тірегі, отбасының берекесі, адамзаттың тәрбиешісі, жақсылықтың бастауы. Сіздер қандай құрметке болса да лайықсыздар, –  деді полковник Айдын Сағынбеков

Салтанат кеш соңы Қызылорда облысы филармониясының өнерпаздары мен әскери қызметшілердің бірлесе дайындаған концерттік бағдарламасына ұласты. 


                                                                                         










Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы 
лейтенант Мұхит Қонаров
 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.