Ер адам дронның көмегімен түрмеге есірткі кіргізбек болған

1 565

Фото: Polisia.kzАстанада дронның көмегімен түрмеге есірткі кіргізбек болғандар ұсталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Полицияның мәліметінше, тәртіп сақшылары Михайловка-Аршалы автожолында Kia K5 автокөлігін тоқтатқан.


Көлікті бұрын бас бостандығынан айыру орнында жазасын өтеген ер адам жүргізген. Сондай-ақ, автокөлікте тағы екі ер адам болған, оның біреуі бұрын Астана қаласы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №2 мекемесінде жазасын өтеген.


"Автокөлікті тінту барысында өсімдік тектес заттары бар екі түйіншек, сондай-ақ, есірткіні колония аумағына жеткізу үшін қолданған дрон тәркіленді", – делінген хабарламада.


Салмағы 23,7 г марихуана тәркіленді. Ұсталғандарға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.