Ер адам досының тойында оқ атқан
Алматы облысында ер адам досының тойында автоматтан оқ атқан, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде видео пайда болды. Кадрларда көпшілік шарада куәгерлердің көзінше ер адам көліктен түсіп, аспанға оқ атқанын көруге болады. Жазба авторы оқиғаның Қаскелеңде үйлену тойы кезінде болып жатқанын түсіндіреді.
Tengrinews.kz сайтының мәліметінше, Алматы облысының полициясы оқиғаға қатысты пікір берді. Видео кейіпкері қазір ұсталып, қамауға алынғаны атап өтілді.
Полицейлер бұл факт бұзақылық ретінде тіркеліп, қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Тәркіленген қару баллистикалық сараптамаға жіберілген.