Биыл колледж студенттерінің шәкіртақысы 50 пайызға көбейеді

1 532

1 қыркүйектен бастап колледж студенттерініuralskweek.kzң шәкіртақысы 43 мың теңгеге көбейеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Оның айтуынша, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде мемлекеттік тапсырысты көбейту үшін жұмыс жасалып жатыр.


"Биыл 145 мың грант бөлінді. Оның 65 пайызы техникалық мамандықтарға арналып отыр. Сондай- ақ, 1 қыркүйектен бастап колледж студенттерінің стипендиясы өткен жылғы деңгейден 50 пайызға көбейеді", - деді Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында.


Бүгін сонымен бірге 2024-2025 оқу жылына жергілікті атқарушы органдардан конкурстық негізде мемлекеттік білім беру грантына өтініштерді қабылдау басталғаны хабарланды. Әкімдіктер жыл сайын басым мамандықтар бойынша нысаналы даярлыққа гранттар бөлуді жоспарлап отыр.


Биыл жергілікті атқарушы органдар 2475 білім беру гранттарын бөлді.