Бурабайдың туристік имиджін жақсартуға 437 млн теңге жұмсалмақ

470
Түрлі имидждік шараларға қыруар қазына қаржысы кетіп жатыр. Бұл жолы Щучинск-Бурабай курорттық аймағында туристік имиджді қалыптастыру бойынша қызметтерге 437 478 571 теңге жұмсау жоспарланып отыр-, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Лоттың хабарламасында жүздеген миллион бюджеттік теңге туризмді дамыту жөніндегі қызметтерге жұмсалатыны айтылған.

«Техникалық сипаттама Щучье-Бурабай курорттық аймағында туристік аймақты құру және дамыту, туристер ағынын ұлғайту, келушілердің сұранысын қанағаттандыру және туристік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында 029 «Щучье-Бурабай курорттық аймағында туристік имиджді қалыптастыру» республикалық бюджеттік бағдарламасы, 159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» сипаттамасы бойынша әзірленді», – делінген құжаттамада.

Сонымен қатар, техникалық сипаттама авторлары «Щучье-Бурабай курорттық аймағында туристік аймақты құру және дамытуда» келесіні түсіндіреді:
  • өңірдің қолайлы туристік имиджін құру және нығайту;
  • курорттық аймақтың тартымдылығын арттыру және дәріптеу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
  • өңірдің туристік инфрақұрылымын дамыту;
  • өңірдің мәдени тұтастығын, «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің экологиялық жүйелері мен биологиялық әртүрлілігін сақтай отырып, туристердің қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Орналасқан жері: Щучинск-Бурабай курорттық аймағы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Бурабай кенті.
Сонымен қатар, құжаттамада жеткізушілерге қойылатын елеулі талаптар көрсетілген. Авторлар тендерге барлық жауапкершілікпен дайындалғаны және курорттық аймақтың туристік имиджін қалыптастыру қызметтерін «көлденең көк аттыға» сеніп тапсыра қоймайтыны аңғарылады.

Жалпы, туроператорлық қызметті жүзеге асыруға мемлекеттік лицензиядан, туризм саласындағы екі маманнан, «электр қондырғыларына рұқсаты бар» тағы қос маманнан басқа болуы тиіс:
  • Щучье-Бурабай курорттық аймағы аумағындағы алаңы 200 шаршы метрден кем емес кеңселік үй-жай;
  • жолаушыларды тасымалдауға арналған кемінде үш шағын автобус (жүргізушіні есептемегенде кемінде 10 отыратын орны бар), сондай-ақ кемінде бір автобус (жүргізушіні есептемегенде кемінде 40 отыратын орны бар);
  • Щучье-Бурабай курорттық аймағының аумағында жыл бойы жұмыс істейтін кемінде бес мәдени және туристік ойын-сауық мақсатындағы нысан. Олардың ішінде: атпен серуендеу, ит шанамен және атпен жүру, квадроциклдер, мұз айдыны, төбешіктер, тақырыптық үйлер, балалар ойын-сауық орталығы, көше аттракциондары, әртүрлі демалыс түрлерін ұйымдастыруға арналған балалар ойын-сауық нысаны және т. б. жалпы ауданы 500 шаршы метрден кем емес жерлер;
  • ауданы 700 шаршы метрден кем емес қоғамдық тамақтандыру нысаны;
  • ауданы 600 шаршы метрден кем емес қысқы және жазғы мезгілде белсенді демалуға арналған спорттық заттарды (велосипедтер, конькилер, шаңғылар және т. б.) жалға беру нысаны;
  • ауданы 1 500 шаршы метрден кем емес, зоологиялық коллекциялары бар, Щучье-Бурабай курорттық аймағы туралы мәдени-танымдық маңызы бар нысан;
  • Қазақстан тарихы туралы көрме-экспозиция орталығы, ауданы 200 шаршы метрден кем емес.
437 млн теңгеге 2022 жыл ішінде тұрақты негізде қызмет көрсетуді жүзеге асыру және орындау қажет. Өтінімдерді алдын ала қабылдау мерзімі 2022 жылғы 5 қаңтарда аяқталады.