Қызылордалықтарды маршруттар мезі қылды
714
Қызылорда қаласының тұрғындары қоғамдық қызмет көліктеріне наразылығын білдіріп біздің «Opennews.kz» ақпарат агенттігімізге хат жолдауда. Тілге тиек болған басты мәселе қоғамдық көліктер.
Қазіргі таңда қала тұрғындары қала ішінде емін-еркін өздерінің межелеген орындарына уақытылы жете алмай жүр. Оған себеп, қоғамдық көліктердің сирек жүруімен қатар, кей кездері тіпті мүлдем таппай қалып жататыны қынжылтады.Оған дәлел қала бойынша тасымалдаушы көліктеріміз 18:00 де қозғалыстарын тоқтатады.Осы орайда мектеп оқушылары сонымен қатар студенттер мен кешкі сағат 19:00 ге дейін қызмет атқаратын мекеме жұмысшылары аялдамада қоғамдық көлікті сарғая күтуде. Одан қалды, оқушыларды «сыймайсыңдар», деп автобустарға міңгізбей қоятын бақылаушыларда бар. Осындай жәйттерге жиі куә болатын қала тұрғыны Айша Жұмабекқызы: “Таңғы уақытта жұмысымызға кешігіп барамыз. Аялдамаларда сағаттап тұрамыз. Балаларымыз оффлайн оқығалы мектепке баруы да, қайтуы да қиындап кетті. Кешкі уақытта оқитын оқушылардың сабағы 6 да бітсе, ойын баласы аялдамаға дейін 6:30 шамасында жетеді. Ал қазіргі қоғамдық көліктер тек 6-ға дейін ғана қатынап тұр. Сонда кешкі уақытта қайтатын балаларды немен қайтады деп ойлады екен автопарк бастығы”-дейді. Расымен де, халықтың жағдайы жасалынбағандығы көре көзге көрініп-ақ тұр. Ол аздық еткендей автобустар бұрыңғыдай жиі қатынап тұрған жоқ. Біздің облыста ғана жол мәселесі мен қоғамдық көліктердің жыры бітер емес. Мәселенің мәнісін шешу үшін, білек сыбана кірісудің де қажеті жоқ. Бар болғаны бір сағат уақыт ұзарту ғана. Саны бар сапасы жоқ көліктердің күндізгі уақытта жаңбырдан кейінгі «саңырауқұлақтарша» қаптап, адам қағып, жарыса жүргендері де аз емес. Ал ,жүру уақытын ұзартып беруін сұраса, қара аспанды төндіретіні хақ. Осы орайда: «демалыс күндері үйіміздің қажет жарақтарын алуға базарға баруымыз керек. Ал қатынауға қоғамдық көліктің жүрмеуі қиындатып тұр. Неге халықты ойламайды билік басындағылар 90 тг төлеп бартын жерге кемі 500 тг төлеп, неге такси жалдап баруымыз керек. Мына тоқырау заманында қара халықты қанауын тоқтатар күн туа ма? Неге қалалық басшылар жақ ашпай отыр? Осы мәселе бойынша жауапты басшылар басшылыққа алып қараса екен”-деді көпбалалы ана Айгерім Садыр.
Қала тұрғындарының әлеуметтік желіге көп жариялап жатқан № 3, 7, 10, 13, 19, 22, 27, 31-ші қоғамдық көлік қозғалыстары қашан бір қалыпқа келеді? Атап айтқанда №3 Көшербаев, Саяхат тұрғындарын тасымалдауын тоқтатты. Ол көшедегі тұрғындарды тасымалдайтын қандай маршруттар қарастырылады екен? №7,10, маршруттар қарама-қарсы жүрмей, бір бағытта ғана қатынап, барар жеріңе бүкіл қалаларды шарлатып жеткізеді. Ал, №13 маршруттың жүрісі тым баяу, мінгеніңе разы болғаныңмен барар жеріңе жеткізбесі анық. №27, 31 маршруттарда адам лық толы ине шаншыр жер таппайсың. Билік басындағылар қоғамдық көліктермен қатынап көрмегендіктен, бұл олқылықтардан бей хабар. Халықтың жағдайын жасау үшін, халықтың кейпін кию керек. Жоғары лауазымды қызметке қымбат көлікпен қатынау үшін ғана емес, ел жағдайын жасау үшін тағайындалған жөн.
Алматы қаласында жүріп жатқан қоғамдық көліктердің тасымалдау ұзақтылығы 23:00 ге дейін. Қызылорда қаласының қоғамдық көліктерін тым болмаса соңғы маршрутты 20/00 де жүргізілсе халық наразылығын тудырмасы анық. Алайда, бір емес бірнеше басшылар атап айтқанда Қызылорда автобус паркі, Қызылорда қалалық әкімдігіне қарасты тұрғын үй -коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғынүй инспекциясы бөлімі де осы қоғамдық көліктердің жүріп-тұруын қадағалайтын сияқты. Десе де қойшы көп болса, қой арам өледі демекші, бірін-біріне сілтеп отырған мекеменің шешіп отырған мәселесі шамалы. Өздері қоғамдық көлікпен емес, арнайы мекеме көлігімен қатынайтын «басшылар» қара халықтың айхайын қайдан білсін?! Жолданып жатырған хатты ашып жауап беруге мұршасы келмеген мекеме білек сыбана кіріседі деп те айта алмаймыз. Атқа мінер азаматтардың саны бар да сапасы болмаса, не пайда?
журналист,
Динара БАУЫРЖАНҚЫЗЫ