Алаяқ атанған «Ekin Patrol G2» жүргізушілер наразылығын тудыруда
13 953
Қызылордада полиция қызметкерлеріне пайдалануға берілген жаңа «Ekin Patrol G2» бейне бақылау құрылғысына халық наразылығы толастар емес, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Төрт құбыласы 360 градустық көріністі қамтамасыз ететін камерамен жабдықталған «Ekin Patrol G2» озық технологияға ие болса да, жүргізушілер тарапынан шағымдар жиі түсуде. Атап айтқанда, камералы көлікті тізгіндеген кезекші жол сақшылары тасада тұрып көлік «аулауды», жоқ жерден камераға түстің деп хабар жіберуі жиілеп кетті дейді жүргізушілер.
Бұл туралы Жайна Қожа Facebook желісіне жариялаған болатын.
Расында, бір емес бірнеше айыппұл арқалаған жерлестеріміздің басым көпшілігі айқай шусыз айыппұл төлеп тыныш отырғанды жөн санаса, енді бірі арызданып араша сұрап жүрген жайы бар.
Халықтың тапқан тиынымен қазынаны қампайтуды ойлағаны ма? Жайна Қожаның жазбасынан кейін Қызылорда Полиция Басқармасы
Демек, жылдамдықты асырмағаны дәлелденіп, салынған айыппұл қайтарылған.
Алайда, көкейдегі бір сауал патрульдік көліктегі «Ekin Patrol G2» құрылғысы 100 % кедергісіз жұмыс жасайтынына күмән тудырғаны жасырын емес.
«Алаяқ» атанған «Ekin Patrol G2» құрылғысынан шыққан ақауға халық қайта тексеру жұмысын жүргізуін, тіпті заңсыз салынған айыппұлдарды да тексерілуін сұрауда.

Жайнаның тұсында төбесіндегіні жақпаған біреуі қарама-қарсы өтті, артынша 74км/сағ пен жүрдің деген айыппұл кеп тұр. Суретте көрініп тұрғандай алдымда, артымда, жанымда басқа да көліктер келе жатыр. Ал мен ортасында келе жатып 74км/сағ.деген жылдамдықпен жүріппін. Бағдаршамнан шыға сала, патрульдік көлікті көре тұра, қанша "ақымақ" болсам да қаумалаған қырық машинаның ортасында қатты жүретін мен емес.
Түк түсінсем бұйырмасын! Негізі бұлар өтірік айыппұл толтырып зар қақсатып жүр адамдарды!!! Кезінде осылай жүріп келе жатып радар ату үлкеееен мәселе болып еді!,- деп жазба қалдырған.
Түк түсінсем бұйырмасын! Негізі бұлар өтірік айыппұл толтырып зар қақсатып жүр адамдарды!!! Кезінде осылай жүріп келе жатып радар ату үлкеееен мәселе болып еді!,- деп жазба қалдырған.
Расында, бір емес бірнеше айыппұл арқалаған жерлестеріміздің басым көпшілігі айқай шусыз айыппұл төлеп тыныш отырғанды жөн санаса, енді бірі арызданып араша сұрап жүрген жайы бар.
Белгі қойылмаған жерден 80 км/сағ пен жүрдің деген хабар алдық. Тіпті ол жерде Батыс-Европа Батыс Қытай жолы елді-мекен деген белгі де қойылмаған. Бірақ осы «Ekin Patrol G2» құрылғысы жоқтан бар жасап айыппұл арқалатып отыр бақандай 34 500 теңге. Біздің қызметкерлер бәлкім хабарсыз болар, ол құрылғы істен шыққан ба, әлде ақауы бар ма? тексерістен өткізсін халықты қанамай,- дейді көлік жүргізушісі Бауыржан.
Халықтың тапқан тиынымен қазынаны қампайтуды ойлағаны ма? Жайна Қожаның жазбасынан кейін Қызылорда Полиция Басқармасы
«Хаттама бойынша көлік егесі жылдамдықты асырмағандығы жөнінде арызданып, нәтижесінде, «Ekin Patrol G2» құрылғысынан қате кеткен», - деген жөнінде жауап алған.