Ashyq-қа енгізу үшін 100 мың теңге. Түркістан облысында шенеунік ұсталды

338
Түркістан облысында кәсіпкерлерді Ashyq қосымшасына енгізу үшін пара алған шенеунік ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, бүгінде Түркістан облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Кентау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" РММ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. 

"Аталған лауазымды тұлға COVID-19 инфекциясының таралуын тежеу бойынша мемлекет қабылдап жатқан шараларға қарамастан, кәсіпкерлерден Ashyq қосымшасын енгізу үшін оң санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды бергені үшін 100 мыңнан 120 мың теңгеге дейін пара алды", - делінген хабарламада.  

Ведомство мәліметіне сүйенсек, күдікті ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабына ("Ұстап алу негіздері") сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.