Қызылордалық тұрғын: Өкпе ауруына шалдығудың алдында тұрмыз

706
Қызылорда қаласы орталықтарындағы  көпқабатты тұрғын үйлердің өжірелері суға толып, қақаған қыста масалардың көбейіп кеткендігі тұрғындарды мезі етті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

«Тұрғындардың наразылығын тудыртып отырған басты мәселе жертөлелердің суға толып   үйіміздің құлауына әкеп соқтыруда» - деп редакциямызға бір топ қала тұрғындары хабарласқан болатын.  

Расында қаламыздағы бір емес бірнеше көпқабатты үйлердің бүгінгі көрінісі адам сенгісіз. Атап айтқанда, Ақмешіт мөлтек ауданы 28 үй, Абай даңғылы 47 және де Мұратбаев көшесі №20 үйдің жертөлесі жан түршігелік халде екендігін «саңырау билік» өкілі естімесі анық.  Ал, аталмыш көшенің тұрғындары жергілікті билік өкілінен көмек сұрап отыр, себебі «сырты бүтін, іші түтін» болған үйді апатты деп танылмауының сыры неде? Осы орайда ашынған тұрғындар:

«Бұл өжірелердің суын сорып, көре көзге көзбояушылық етпей, нәтижелі жұмыс жасап ақауы кеткен жерін дәнекерлеп өжірелерімізді судан арылтса екен дейміз. Мемлекет басшымыздың өзі халықпен етене қызмет жасаймыз деген болатын. Ал, біздің жергілікті билік құрғақ сөзбен ауыз сүрткендей-ақ» ,-дейді тұрғын Серікжан Кашаков.


Қыста жылу мардымсыз және де сасыған иіс аңқыған өжіре, жазда масадан көз ашпайтын тұрғындар «Тұрғын үй» ЖШС-не қарайтындығын тілге тиек еткен болатын. Зейнеткерлердің қартайған шағымызда көрер қызығымыз осы деп шүйлігетіндігі  де орынды. 6 подъезді үйдің өжіресі толығымен суға бекітіліп, аузы-мұрнынан шығуына сәл-ақ қалды. Бірер күнде сыртқа таситындығы да жасырын емес. Ең қызығы бірінші қабатта орналасқан үйдің едендері опырылып төмен қарай түсіп кеткен:

«Өкпе ауруына шалдығудың алдында тұрмыз. Өзім жұмыссызбын. Жылу құбырының істен шығып, тесілу салдарынан орын алғанда зардабын мен шегіп отырмын. Қолға алып, көмек беретін жергілікті билік бар ма? Менің мүмкіндігім жетпейді қайта-қайта жөндеу жұмыстарын жүргізетін шама да жоқ.  Ал, апатты тұрғын үй деп танылмаса да, жөндеу жұмыстары сыртына емес өжірелеріне жүрсе екен» - дейді 21-пәтер тұрғыны Андрей Владимирович.


Мұратбаевтағы 20-шы  үйдің жертөлесі көлден айырмашылығы сәл ғана. Тіпті тұрғындар шарасыздықтан «балық аулаймыз ба?» деп қалжыңдасып қояды. Амал жоқ. 



Ал, орын алған ақауды осы көпқабатты  үйге қарасты «Тұрғын үй» ЖШС-гі шамасы келгенше сутартқышпен тазалаудамыз алайда:
«Аталмыш көшедегі тұрғын үй біздің уәкілеттігімізге кіргелі жертөледе қалдық сумен келген болатын. Біз шамамыз жеткенше ол жерде тазалау жұмыстарын жүргізіп, тобықтан келетіндей етіп тартып  қойдық. Алайда, ол үйдің астында бұрыннан ыза судың бар екендігі айқын. Себебін іздеп көргенмен таба алмадық.  Күрделі жөндеу жұмыстарынан өткен үй ғой негізі. Модернизация көрген»,-деді «Тұрғын үй» ЖШС-нің бөлім басшысы Шапағат Медетов.


Ең сорақысы қала бойынша күрделі жұмыстарды талап еткен, тіпті күрделі жөндеуден өткен үйлердің сыйқы осы болғаны ма? Көзбояушылықтың не екендігін қала орталықтарын аралаған жан ғана түсінер. Үйдің сыртын жылтыратып, ішін қалтыратып кеткен мердігер мекеменің сапалы қызмет еткендігін тексеретін құзырлы органдар тиісті шара қабылдап, назарға алса екен дейміз.


Айгерім РАХЫМЖАНҚЫЗЫ