Бұдан былай балағат сөз айтқандар 30 тәулікке қамалады

1 440
Бүгіннен бастап қоғамдық орындарда балағат сөздер айтқаны және қорлағаны үшін құқықбұзушы 69 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді немесе 30 тәулікке дейін қамауға алынады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстерінің, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің бірқатар бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») толықтырылды.

Қоғамдық орындарда дөрекі сөздер айту, жеке тұлғаларды балағаттау және жәбірлеу, ғимараттарды, құрылыстарды, тұрғын үй-жайларды, қоғамдық орындарды, көліктегі және қоғамдық орындардағы мүлікті қорлау және басқаларға құрметсіздікті білдіретін осыған ұқсас әрекеттер жасалатын болса, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын ұсақ бұзақылық деп саналады. 

Бүгінде ұсақ бұзақылық үшін сот 5 АЕК (17 250 теңге) көлемінде айыппұл салу немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу түрінде жаза тағайындайды. Жаңа редакцияда айыппұл 20 АЕК (69 мың теңге), қамауға алу 5 күннен 30 тәулікке дейін ұзарды, - деді ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басшысының орынбасары Азамат Күрімбаев.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.