Қазақстандықтар шекарадан өткені туралы анықтаманы онлайн ала алады

1 502

Фото: Opennews.kz ЖИЕнді Қазақстан азаматтары eGov.kz порталы мен eGov Mobile қосымшасы арқылы Мемлекеттік шекараны кесіп өткенін растайтын анықтаманы онлайн ала алады. Электрондық құжат тегін рәсімделеді және 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қазіргі күнге дейінгі деректер бойынша қалыптастырылады, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

eGov.kz порталының және eGov Mobile мобильді қосымшасының пайдаланушылары енді таңдалған кезең бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту фактілері туралы анықтаманы онлайн түрде ала алады. Құжат электрондық форматта қалыптастырылады және Жеке кабинеттен жүктеп алуға қолжетімді.

Анықтамада ақпараттық жүйеде көзделген шекараны кесіп өту күні мен уақыты, маршруты, қозғалыс бағыты, рейс және көлік құралының нөмірі, кірген немесе шыққан елі және өткізу пункті туралы мәліметтер көрсетіледі.

eGov.kz порталында анықтама алу үшін пайдаланушыға:

eGov.kz порталында авторизациядан өту;

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан кесіп өту туралы анықтама беру» қызметін таңдау;

анықтаманың кімге рәсімделетінін көрсету: «Өзіне», «Кәмелетке толмаған балаға» немесе «Заңды өкіл (әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толғанғандарға)»;

мәліметтер қажет болатын уақыт аралығын көрсету;

«Қол қою және анықтаманы алу» батырмасын басу;

өтінішке қолжетімді тәсілдердің бірімен қол қою қажет.

Өңдеу аяқталғаннан кейін электрондық анықтама eGov.kz порталындағы «Менің профилім — Жеке кабинет» бөлімінде қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді болады. Егер көрсетілген кезеңде шекарадан өткені туралы мәліметтер болмаса, ол жайлы да анықтамада көрсетіледі. Сұрауды 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қазіргі күнге дейінгі уақыт аралыңына қалыптастыруға болады, бұл ретте таңдалған кезең үш айдан аспауы тиіс. Қызмет көрсету мерзімі — 15 минутқа дейін.

eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы анықтаманы алу үшін келесі қакдамдарды ретімен орындау керек:

«Басты бет» бөлімінде «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан кесіп өту туралы анықтама беру» қызметін таңдау қажет.

Қызмет ЖСН бар болған жағдайда ҚР азаматтарына қолжетімді және тегін көрсетіледі. Шетел азаматтары үшін ҚР Мемлекеттік шекарасынан өткені туралы анықтаманы QazETA порталы арқылы алуға болады.

Анықтаманы өзіне, кәмелетке толмаған балаға, сондай-ақ заңнамада көзделген жағдайларда өтініш беруші оның заңды өкілі болып табылатын әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамға рәсімдеуге болады. Анықтаманы балаға рәсімдеу кезінде ол туралы мәліметтер азаматтық хал актілерін тіркеу органдарының (АХАТ) ақпараттық жүйелеріндегі деректер негізінде автоматты түрде жүктеледі.

Анықтама смартфонды немесе планшетті шетелден өздігінен әкеліп, оны Қазақстан операторларының желілерінде жеке пайдалану үшін IMEI-кодын тіркейтін азаматтарға да қажет болуы мүмкін.

Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамға, қорғаншылықтағы әрекетке қабілетсіз балаға анықтаманы рәсімдеу кезінде пайдаланушыға ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйелеріндегі деректер негізінде қалыптастырылған тізімнен тиісті адамды таңдау мүмкіндігі беріледі.

Қызмет шекарадан өту фактілерін ресми түрде растау процесін жеңілдетеді. Анықтама мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтер негізінде автоматты түрде қалыптастырылады, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады және заңды күші бар. Бұл азаматтар үшін құжатты алу процесін жылдам, ыңғайлы әрі ашық етеді.

Аталған қызмет ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірлескен жұмысының нәтижесінде әзірленді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.