Қызылордада автокөліктің аккумуляторын ұрлаған ер адам мәжбүрлі жұмысқа тартылды

136

Автокөліктің аккумуляторын ұрлаған азамат мәжбүрлі еңбекке тартылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



Жуырда Сырдария аудандық пробация есебіне алынған С. есімді азамат  ҚР ҚК-нің 188-бабының 3- бөлігінің 3- тармағымен кінәлі  деп танылып, екі жыл алты ай  бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.


Жаза өтеуінің бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын 100 сағаттан аспайтын мәжбүрлі еңбек тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленген.


Өзінің айтуынша, мекеме автокөлігінің  аккумуляторын ұрлап кеткен. 


Қазіргі таңда ол өзінің тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы органы белгілеген орында мәжбүрлі түрде күніне 4 сағаттан аспайтын уақытта тазалық және көгалдандыру жұмыстарымен айналысуда. 


Сырдария аудандық пробация қызметінің инспекторы әділет  кіші лейтенанты Ермек Шанжаров есептегі сотталғандардың қайта қылмысқа бармауы,сот жүктеген міндеттерді орындауы тұрғысында профилактикалық жұмыстарымен қатыр мәжбүрлі еңбекке тартылған сотталғандарды жұмыс орнынан тексеріс жұмыстарын жүргізеді.


Сондай -ақ, есептегі сотталғандармен мәдени-спорттық шаралары жиі өткізіледі.