Сатушы әйел қарақшының қолынан қаза тапты

1 391

Фото: Видеодан скриншотЖеліде Қарағанды облысын Саран қаласындағы дүкендердің бірінде қарақшының сатушыға пышақ сұққаны түсіп қалған видео тарады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қарағанды облысы полиция департаментінің мәліметінше, Саран қаласында 27 жастағы тұрғынның денесі табылған. Бұл оқиға бойынша зорлық-зомбылықпен өлім белгілері бар қылмыстық іс қозғалған.

«Күдікті адамды анықтау және ұстау мақсатында облыстың ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы бағдарланған. Полиция департаменті қызметкерлерінің арасынан жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.


 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.