Балабақшада көз жұмған бүлдіршіннің тәрбиешілеріне сот үкімі шықты

1 403

Фото: pixabay.comШілде айында Атырау облысындағы балабақшалардың бірінде 3 жастағы бала кәріз құдығына құлап көз жұмған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Сот балабақша басшысы мен тәрбиешісін өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін кінәлі деп таныды. 

Сотталушы 2023 жылғы 21 мамырда өз атына жеке кәсіпкерлігін тіркеп, «Чебурашка» квазимемлекеттік балабақшасын ашқан. 2023 жылғы 07 шілдеде балабақша директорының бұйрығымен топ тәрбиешісі қызметіне жұмысқа қабылданған. 2024 жылғы 10 шілдеде балабақша басшысы мен топ тәобиешісі 3 жастағы баланы қараусыз қалдырған. Бүлдіршін кәріз құдығына құлап көз жұмды. 

Сотталушылар кінәларын толықтай мойындады.

«Сотталушылар ҚК-тің 141-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оларға педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеумен байланысты лауазымдарды атқару құқығынан 3 жыл мерзiмге айыра отырып, 2  жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», делінген хабарламада.