"Есінен танғанша ұрған": Павлодар облысында күйеуі соққының астына алған әйел қайтыс болды

610
Павлодар облысы Баянауыл ауданында ер адам әйелін соққыға жыққан. Салдарынан келіншек жедел жәрдем жеткенше қайтыс болған деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Басылымның мәліметінше, оқиға 17 тамыз күні отбасы жұмыс істеп, өмір сүрген шаруа қожалықтарының біріндегі жайылымдық жерде болған.

"Отбасылық ұрыс кезінде ер адам әйеліне есінен танғанша бірнеше дене жарақатын салған. Алған дене жарақаттарынан келіншек жедел жәрдем келгенше көз жұмған", - дейді полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Тәртіп сақшылары күдіктіні ұстап, Баянауыл ауданындағы уақытша ұстау изоляторына қамаған.

Қазіргі таңда аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы, 3-бөлігі (Денсаулыққа қасақан зиян келтіру) бойынша тергеу басталған. Күдікті 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.