1,5 тонна заңсыз әкелінген шина жол қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін
Бас прокуратура өкілдері елімізге қолданылған шиналар заңсыз әкелініп жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қадағалаушы орган мәліметінше, Қазақстанның кеден заңнамасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың нормалары денсаулық пен экологияға қауіпті тауарлардың әкелінуін қатаң реттейді. Олардың қатарына — тек арнайы рұқсат болған жағдайда ғана әкелуге рұқсат етілетін, қолданылған автокөлік шиналары (ТН СЭҚ коды 4012) да кіреді.
Бас көлік прокуратурасы тексеру жүргізгеннен кейін ейбір сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар бұл тыйымды айналып өтіп, қолданылған шиналарды дөңгелек дискілерімен бірге әкелетінін анықтады.
Мәселен, биылғы жылдың сәуір-маусым айларында бір өңірде салмағы 1,5 мың тоннаға жуық қолданылған шиналарды 159 заңсыз әкелу дерегі тіркелген. Тағы бір өңірде өткен жылдары 200 тоннадан астам осындай өнім әкелінген.
Құзырлы орган құқықбұзушылықтарды анықтау жұмысы жалғасып жатқанын атап өтті.







