Жасөспірім қызды анасының бөтелкелестері зорлаған

1 618

UNICEF/Valera KalievТайынша ауданында кәмелет жасына толмаған қызды өз үйінде бірнеше ер адам зорлаған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


СҚО прокурорлары ведомствоаралық кеңесте 18 қаңтар күні болған кәмелет жасқа толмаған қыздың жапа шеккені айтылды. Оның анасына спирттік ішімдік ішуге келген «достары»  зорлаған. 


"Осы оқиғаның алдында бір ай бұрын мектеп аудандық әкімдік жанындағы кәмелет жасына толмағандар жөніндегі комиссияға ішімдікке салынған әйелді ата-ана құқығынан айыру жөнінде өтінішхат жолдаған. Бірақ комиссия оны дер кезінде қарамай, тек оқиға болғаннан кейін қаңтар айында ғана қараған", - дейді облыс прокурорының аға көмекшісі Виктор Найда.


Осы қылмысқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.