Имам әйелді қалай дұрыс ұрып-соғу керектігін айтты

1 602

Фото: "Татар-информ"Қазандағы Ирек мешітінің имамы Тимур Камаев ел күтпеген мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі «Татар-информ» басылымына сілтеме жасап.


Оның айтуынша, Ислам діні әйелді ұруға тыйым салады, бірақ жарақат салмайтын жеңіл соққылар жасауға рұқсат етеді. Сонымен қатар, әйел дұрыс емес әрекет жасаса, күйеуі ескертуден бастау керек, ал шектен шықса ұруға болады дейді ол.





"Егер ол түсінбесе, бірге жататын төсекті бөліңіз. Әйел онда да түсінбей, дұрыс емес әрекетін жалғастырып, шектен шықса, ұруға болады”, – деді имам. 


Имамның айтуынша, әйел, ең алдымен, дұрыс емес нәрсе істеп жатқанын түсінуі керек. Түсінбесе, мысалы, кішкентай таяқпен абайлап бірнеше рет ұруға болады екен. 


"Ұрғаныңыз әйеліңізге зиян тигізуі керек дегенді білдірмейді. Бұл жерде әйел адам өзінің дұрыс емес әрекет жасап жатқанын түсінуі керек. Мәселе адамды ұрып, көгерген із қалдыруда емес, оның артық кетіп бара жатқанын ақырын ескертуде", – дейді имам. 


Имам Тимур Камаев әйелді ұруға исламда тыйым салынғанын айтты. Ұрып-соғу адам құқығын бұзатынын түсіндірді. Ал егер әйел адам күйеуінің ұрғанын кешірсе, бұл оған қайырлы болады.


Кейіннен «Татар-информ» агенттігі Камаевтың сөздерін контекстен алып тастады. Ал Татарстан Мұсылмандары Діни Басқармасы (ҚМДБ) бейнеподкасттың толық нұсқасымен танысуды ұсынды. Олардың айтуынша, подкастта «шабуылға жол берілмейтіні, біреуді ұрып-соғу және оған физикалық,моральдық зиян келтіру Исламда күнә саналатыны туралы» айтылған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.