Пандемия кезінде жоғалып кеткен ер адам табылды

1 195

Фото: pixabay.comАстанада туыстары 2020 жылдан бері іздеп келген 48 жастағы ер адам табылды, - деп хабарлайды  "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Елордалық полиция департаментінің хабарлауынша, "Кезбе" операциясы қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға көмектесу және із-түзсіз жоғалған адамдарды іздеу мақсатында ұйымдастырылған.


"Төрт жыл бойы туыстары оның қайта оралатынына сенген. Полицейлердің келісілген әрекетінің арқасында ер адам аман-есен табылды. Ол көп жылдар бойы мүлде көрмеген отбасымен қайта қауышты", – делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, рейд барысында полицейлер түрлі қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген 4 қылмыскерді, құқық бұзушылық жасады деген күдікпен 6 адамды ұстады.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.