Пара беруге мәжбүрлеген: Атырау облыстық көші-қон қызметінің басшысы ұсталды

553

Атырау облыстық полиция департаменті көші-қон қызметінің бастығы Руслан Әділовті ұстады, деп жазады жергілікті "Ақ Жайық" басылымы.


Алдын ала мәлімет бойынша, 27 сәуірде Әділов ағасымен бірге Қазақстан Республикасының шекарасынан шығып кету қауіп төніп тұрған Молдова елінің азаматын қалалық сот судьясына пара беруге мәжбүрлеген.


"Полковник Әділовке 6 мың доллар көлемінде параны рекрутингтік агенттіктің директоры тапсырған, бірақ ағайындылар ақшаны судьяға бермей, өздерінде алып қалған", - делінген мәлімдемеде.

Қылмыстық кодекстің 367-бабы (Алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобын пара беруге итермелеу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.