Елде автокөліктерге нөмірі бойынша жаңа шектеу болуы мүмкін
Енді қазақстандықтар қалаған күні көлігімен көшеге шыға алмайды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.
Мемлекеттік нөмірдің соңғы цифры 9 болса сіз 2-сі, 4-і, 16-сы сияқты даталарда жүрмейсіз. Ол күндері тек 8 сияқты жұп санмен аяқталатындар ғана қозғалады.
Қазақстандық экологтар Қытайға барып келіп, енді Бейжіңдегі ауаны қорғау тәртібін бізде енгізгісі келіп отыр. Соның бірі көлік нөміріне тікелей байланысты. Министрлік енді түтін қоюланған сәтте бұдан былай осындай соңғы цифрі жұп сандармен таңбаланған көліктерге тек жұп күндері, ал тақ сан болса 1-і,3-і,5-і сынды тақ күндері жүруге рұқсат беруді ұсынған.
Экология министрлігі көлік нөміріне байланысты қозғалысты шектеп, қалалардағы ауа тазалығын үшін қолға алмақшы. Ведомствоның дерегінше, Алматының өзінде улы қалдықтың 60 пайызы машинадан шығады.
Тәртіпті енгізу-енгізбеу мәселесін әкімдік пен мәслихат шешеді. Ал Алматы әкімдігі қалада ауаны қорғау ережесі 2 ай бұрын ғана қабылданғанын, онда көліктердің нөміріне қарай қозғалысын шектеу көзделмегенін мәлімдеді. Бірақ шаһарға кіретін ескі көліктерге ақша төлету жоспарда бар.
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, Қазақстанда жалпы көлік саны 6 миллионға жуықтады. Соның 4 миллион 900 мыңы жеңіл машина. Басым бөлігі Алматы мен Астанада тіркелді.







