Қызылорда облысында жаңа прокурор тағайындалды

1 765

Фото:  gov.kzМемлекет басшысының келісімі бойынша Бас Прокурордың бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Ризабек Кәрімұлы Ожаров Қызылорда облысының прокуроры лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Ризабек Ожаров 1972 жылы дүниеге келген.


1996-2017 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет атқарған.


2017-2019 жылдары Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметі бастығының орынбасары, Алматы облысы прокурорының орынбасары лауазымдарында болған.


2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін Бас прокуратураның Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметін басқарған.


«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен наградталған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.