Екібастұз әкімінің орынбасары ұсталды

487

Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Ахметовке және қала әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.



“Олар мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін мердігерлік ұйымдардан жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінді. Тергеу жалғасуда, қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", – делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Екібастұз қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Шырын Қайырбекқызы шенеуніктерді ұстау фактісін растады.



"Иә, бұл шынымен, де рас. Олар куәлік беру үшін ұсталды. Қазіргі уақытта бізге ешқандай ақпарат берілмеді", – деді ол.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.