Құдайдан жаңбыр сұрап тасаттық берем деп, топан су алып кете жаздады
318
Маңғыстау облысында көптен күткен жаңбыр жауды. Көл боп аққан жауын суынан зардап шеккендер ауылдар да бар,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.
Табиғаттың тосын мінезінен кейбір елдімекендердегі үйлер мен шаруашылық нысандарына аздап нұқсан келді.Newscorr сервистік жобасына түскен бейнажазбада ауыл көшелері мен шарушылыққа арналған қора-қопсылар мен қоймалардың бұзылғанын көруге болады. Қазір жауын қатты жауған елдімекендердің су жырып кеткен көшелерін арнайы бөлінген техникалар тегістеп жатыр.
Видео авторының айтуынша ең қатты зардап шеккен Жаңаөзен қаласы маңындағы Теңге ауылы. Мал-жан шығыны жоқ.
Қалай болғанымен көпшілік жауынның көптігіне қуанбаса ренжіген жоқ. Естеріңізде болса 24-ші сәуір күні бүкіл маңғыстау халқы жиналып, көктен ылғал тілеп тасаттық берген болатын.