СОҢҒЫ КЕЗДЕ ӘСКЕРГЕ БАРУДАН ҚАШАТЫН ЖАСТАР ҚАТАРЫ КӨБЕЙГЕН
2 133
Соңғы уақытта ер азаматтардың отан алдындағы борышын өтеуден қашқақтауы жиілеп кетті, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 18-27 жас аралығындағы әр қазақстандық ер азамат мемлекеттің қарулы күштер қатарын толықтырулары қажет. Бүгінде, өз абырой биігінде отан алдындағы міндеттерін орындап жүрген жастарымыз жетерлік. Бір өкініштісі қоғамымызда отан алдындағы борышын өтеуге асықпайтын жастарымыздың барын тілге тиек етсек те болады. Әрине, бес саусақ бірдей емес, бірі денсаулығының шынымен жарамайтындығынан әскерден босатылса, енді бірі табиғаттың жаратпаған ауруын бар етіп әдейі әскерден қашу синдромын әдетке айналдырған. Бүгінде көп азаматтарымыздың әскерге бармай, қашып жүргендерін әлеуметтік желілердің бірінен көзіміз шалып қалды. Бейнежазбада жеткіншектердің жан ұшыра, елес көргендей полицей қызметкерлерінен қашқанын көруге болады. Кешегі қазақтың Бөгенбай, Кенесары, Бауыржандай текті батырлардың ұрпақтары, бүгінде өз елінде жүріп, әскерге барудан неге қашқақтайды?! Әлеуметтік желіде оқырмандар Қазақстанның әскери базасы туралы ой - пікірлері 2 тарапқа бөлінді. Бірі жақтап жатса, енді бірі даттап өз ойларын ашық жеткізуде.
Құрғақ сөзбен патриот болғанша, іс жүзінде шынайы ел жанашыры болу әр азаматтың қолынан келуі тиіс. Бүгінде мерзімді әскери қызмет 1 жылдықты құрайды. Расында, ел басына күн туғанда еліміз бен жерімізді қызғыштай қорғайтын әскер қатарында болған азаматтарымыз емес пе?!
Шынымен де, күніге жантүршігерлік жаңалықтар легін толассыз естіп жатамыз. Бүгінгі қоғамда отан алдындағы борышын өтеуге барған азаматтарымыздың бірі ауру күйінде, психикалық ахаулармен оралып жатса, енді бірі әскерге кеткен балаларынан қапияда көз жазып қалып жатыр. Отан алдындағы парызын абыроймен өтеп келемін деген нар тұлғалы азаматтарымыздың отбасына сау күйінде емес, көбіне ауру күйінде оралуларына не себеп? Әлде, қазіргі басшылардың өз жұмыстарына салғырт қарайтындығы ма? Күні кеше, Шымкент қаласының 20 жасар тұрғыны, Теміртаудағы 5516 әскери бөлімшесіне отан алдындағы борышын өтеуге кеткен сарбаз үйіне табытпен оралғандығын естігенде, сай сүйегіңді сырқыратпай қоймайтыны анық. Өлімінің басты себебі сарбаз өзінің қаруымен өзін атып өлтірген делінген. Ал, бауыр еті баласынан қапияда көз жазып қалған анасы:
Ал, сарбаздың отан алдындағы борышын өтеп бітуіне 2 ай қалғанда өз-өзіне қол жұмсады деу қисынға келіспейтіні сөзсіз. Сау күйінде отан алдындағы борыштарын өтеуге кеткен сарбаздарымыздың казармадан тірі күйінде емес, өлі күйінде шығуларына не себеп? Осыдан кейін, қандай ата-ана бауыр еті баласын үкіметке сеніп тапсыра алады? Бұл жайт, шыныменде ҚР-ның қорғаныс министрі Нұрлан Байзақұлы Ермекбаевтың құлағына жетпегені ме? Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заманда әлі күнге дейін сарбаздарымыздың жұмбақ жағдайда өлімдері неге тыйылар емес.
Жастардың пікірінше, әскерге барған адам оңбайды дейді-мыс. Борышын өтеп бітуіне аз уақыт қалған сарбаздың өзі, жаңадан келген сарбазды тәрбиелеуге ұмтылатындығы тағы бар. Әскери қызметте темірдей қатты тәртіптің болуы шарт. Желдей есіп жүрген сөздерге сенсек, әскери өмірдің басты тәртібі - ұрып тәрбиелеу екен. Рас болғанның өзінде, бүгінгі тәуелсіз, бейбіт елде өмір сүре тұра, неге жастарды кеңес үкіметінің құлдық санасымен тәрбиелеуге міндеттіміз? Осы жабайылық пен анайылық, сана сезімнің қате түсінігінің салдарынан келесі біреуге өмірлік сабақ не болмаса мәңгілік өкінішке айналатындығы тағы бар. Аюды намазға жыққан таяқ демекші, соққымен тәрбие беру ескі тәрбиенің бейнесі. Бүгінгінің батыры жұдырығын көшеге ала жүгіретіндігі де сөзсіз. Ал, Отан алдындағы басты борышын өтеу міндеттелсе де, түрлі сылтауларды айтып көше кезе сандалғандар да жетерлік. Десек те, борышын өтемек болған арыстандай азаматтарымыздан айырылып жатқандығымыз жанға батады. Біздегі қате түйсік түзелмей, әскерге бармаушылардың қатары артпаса , кемімейтіні анық. Болмаса әскери өмір жігітпін деген әр ер азаматтың бала кезден барып, көргісі келетін жері емес пе?
Осы орайда жастардың идеологиясын жүргізетін мекемелердің жастарымызбен білек сыбана жұмыс жасағаны жөн деп санаймыз. Жастар арасында патриоттық рухты оятып, батырларымыздың үлгі өнегесін насихаттасақ, отан алдындағы борышын өтегісі келетін жастар саны көбейеді деп сенеміз.
АЙБАР

«Бәрі қаша берсе отанды кім қорғайды. Бұрындары армия 2-3 жыл еді. Жігіттер отан алдындағы борыштарыңды өтеңдер. Болатын нәрсе, үйіңде жүрсеңдер де болады», - дейді Света Спатаева.
Құрғақ сөзбен патриот болғанша, іс жүзінде шынайы ел жанашыры болу әр азаматтың қолынан келуі тиіс. Бүгінде мерзімді әскери қызмет 1 жылдықты құрайды. Расында, ел басына күн туғанда еліміз бен жерімізді қызғыштай қорғайтын әскер қатарында болған азаматтарымыз емес пе?!
«Өз еркінен тыс алып кетуге болмайды. Ер азаматтарды әскери борышын өтеуге міндеттеген дұрыс емес. Себебі, мәжбүр болған адам, ол жақта өз-өзіне бір нәрсе жасап қойса, кім жауап береді?», - дейді Ерлан Мұханбетжан есімді оқырман.
Шынымен де, күніге жантүршігерлік жаңалықтар легін толассыз естіп жатамыз. Бүгінгі қоғамда отан алдындағы борышын өтеуге барған азаматтарымыздың бірі ауру күйінде, психикалық ахаулармен оралып жатса, енді бірі әскерге кеткен балаларынан қапияда көз жазып қалып жатыр. Отан алдындағы парызын абыроймен өтеп келемін деген нар тұлғалы азаматтарымыздың отбасына сау күйінде емес, көбіне ауру күйінде оралуларына не себеп? Әлде, қазіргі басшылардың өз жұмыстарына салғырт қарайтындығы ма? Күні кеше, Шымкент қаласының 20 жасар тұрғыны, Теміртаудағы 5516 әскери бөлімшесіне отан алдындағы борышын өтеуге кеткен сарбаз үйіне табытпен оралғандығын естігенде, сай сүйегіңді сырқыратпай қоймайтыны анық. Өлімінің басты себебі сарбаз өзінің қаруымен өзін атып өлтірген делінген. Ал, бауыр еті баласынан қапияда көз жазып қалған анасы:
Ұлымның ажал құшқанына әскери шенділер мен басшылардың толықтай қатысы бар. Аяғымен кеткен ұлымды табытпен қарсы аламын дедім бе? Жауапсыздық танытқан, өзін-өзі атты деген санама кірмейді,- дейді етегі жасқа толған жас сарбаздың анасы.
Ал, сарбаздың отан алдындағы борышын өтеп бітуіне 2 ай қалғанда өз-өзіне қол жұмсады деу қисынға келіспейтіні сөзсіз. Сау күйінде отан алдындағы борыштарын өтеуге кеткен сарбаздарымыздың казармадан тірі күйінде емес, өлі күйінде шығуларына не себеп? Осыдан кейін, қандай ата-ана бауыр еті баласын үкіметке сеніп тапсыра алады? Бұл жайт, шыныменде ҚР-ның қорғаныс министрі Нұрлан Байзақұлы Ермекбаевтың құлағына жетпегені ме? Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заманда әлі күнге дейін сарбаздарымыздың жұмбақ жағдайда өлімдері неге тыйылар емес.
«Армияға барудың керегі жоқ. Сап-сау болып барып, псих болып қайтып келетін болсаң! Армияға әкетуін әкетеді, бірақ оның басының амандығына ешбір шенеунік немесе пагон таққандар жауап бермейді. Жігіттер армияға баратын кезде қару ұстаймын, танк, БТР мінемін деп барады. Таяқ жеймін деп емес?!»,- дейді Жанарбек Сайлауов.