Жылдамдықты жақсы көретіндер жаңа жылдан бастап 235 мың теңге төлейді

5 031

Фото: https://moi-autoservice.ru/Жылдамдықты белгіленген мөлшерден асырғанды жақсы көретіндер 2 есе айыппұл төлейді, -деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Мәселен жылдамдықты 60-тан  асырғандар 157 мың теңігесінен айырылады. Жүгенсіз жүргізуші, жүйткіген көлік салдарынан күнара апатпен қыршыңнан қиылғандар көп. Мамандардың айтуынша жол көлік апанының 95%-ы жүргіушілердің кесірінен.  Жыл басынан бері 19 мың жол- көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 1800 адамның өмірі жол үстінде қиылды. 25 мың адам түрлі дене жарақатын алды.

9 айдың ішінде 9 млн 300 мың жол ережесін бұзу дерегі тірелген. Оның 4 млн 600 мыңы жылдамдықты асыра пайдаланғандар. Статистика жыл сайын өспесе азаятын емес.  60 км/сағ артығымен асырсаңыз 157 280 теңге айыппұл төлейсіз. Егер бір жылдың ішінде құқық бұзушылық қайталанса айыппұл бағасы 235 920 теңгеге көбейеді. Келесі жылы айлық есептік көрсеткіш барлық айппұл көлемінде көбейеді.

Мәселен, 2024 жылы 10 км/сағатқа асырғандар 18 460 теңге төлесе, 2025 жылы 19 660 теңге төлейтін болады. Бағдаршамның қызыл түсінен өтіп кеткендер 36 320 теңге төлесе, 2025 жылы 39 320 теңге төлейді.

Жаза «жылдамдықты жақсы көретіндерге ғана» күшейтіледі. «Қарапайым» адамдарға қатысы жоқ. Сонымен қатар, «Орташа жылдамдықтан асыру» деген түсінік енгізіліп жатыр. Бұл қалай дейсіз бе? Заңбұзушылықтың бұл түрі тек қала сыртына шыққан көліктерге қатысты. 

Мәселен, Түркістаннан Қызылордаға қарай жол бар делік. Жолдың тіке учаскесі бар. А пунктінен Б пунктіне дейін қанша уақытта жетуіңіз керектігі есептеледі. Яғни, сіздің жылдамдығыңызды ақылы жолда орнатылған камералар есептеп шығарады. Мысалға, А пунктінен Б пунктіне дейінгі жолды сіз 1 сағатта басып өтуіңіз керек делік. Ол жолды жарты сағатта өте шықсаңыз, демек орташа жылдамдықты арттырғаныңызды білдіреді. Оларға автоматты түрде айыппұл салынады. Айыппұл мөлшері математикалық есеп бойынша беріледі екен.

Иә, қала сыртындағы жолдарда жылдамдықты бақылау жүйесінің енгізілуі — Қазақстандағы қауіпсіздік шараларын күшейтуге бағытталған қадам. 2025 жылдан бастап енгізілетін орташа жылдамдықты есептеу жүйесі арқылы, көлік жүргізушілерінің жол бойындағы орташа жылдамдығы бақыланатын болады. Бұл, әсіресе, жолдың жағдайына немесе техникалық ақауларға байланысты асығыс жүрген жүргізушілер үшін қиындықтар тудыруы мүмкін.

Егер жолда шұрық тесік немесе басқа да кедергілер болса, кейде жүргізушілердің жылдамдығы табиғи түрде төмендеуі мүмкін. Ал камералар орташа жылдамдықты тіркейтін болса, бұл жағдайды ескермей, жылдамдықтың асып кетуіне байланысты айыппұл салынуы мүмкін.

60 АЕК (Әлеуметтік есептік көрсеткіш) мөлшерінде айыппұл көлемі айтарлықтай жоғары болып тұр, әсіресе егер жүргізуші жиі жылдамдық шегін асырып жүрсе. 2025 жылы бұл айыппұлды нақты төлейтін адамдар үшін қаржылық ауыртпалық болуы мүмкін. Сонымен қатар, жолдардың жағдайы немесе қозғалыс қарқыны түрлі өңірлерде әртүрлі болғандықтан, бұл айыппұлдардың орынсыз немесе әділетсіз салынуына жол бермеу үшін көлік жүргізушілеріне жылдамдықты бақылау жүйелерінің ерекшеліктерін жақсы түсіну маңызды.

Сондықтан, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен айыппұлдардың әділ қолданылуын қадағалау үшін, мемлекетке жол инфрақұрылымын жақсарту мәселесіне де ерекше көңіл бөлу қажет. Ойдым жолмен жүрген жүргізушілер айыппұлдың тым асқақтап кеткенін айтады.

Бұл бастаманы заң шығарушы органдар қарастырама, жоқпа белгісіз. Деседе апат азамаса, айппұлдың арта беретіні анық.