Жетістігі мол білім ордасы

1 556

instagram.com/23mektep_liseiТарихы сонау 1985 жылдан басталатын Жәлел Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейі бүгінде қаладағы іргелі білім ошағының бірі саналады. Алғашында 1176 оқушыны оқыту арналған мектепте қазіргі таңда екі мыңнан астам шәкірт білім нәрімен сусындауда. Мұндағы білім беру мемлекеттік және орыс тілінде жүргізіледі, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Kyzylorda-news.kz сайтына сілтеме жасап.


Білім ошағын ашылған жылы Қарсақбаева Раушан Ахметәліқызы мектеп директорының оқу тәрбиесі жөніндегі орынбасары ретінде басқарса, 1991 жылдан 2008 жылға дейін мектеп директоры қызметін атқарған. Ол – ҚР білім беру ісінің үздігі, ҚР  Тәуелсіздігінің  10, 20 жылдығына арналған мерекелік медальдарының иегері. Мектепті Раушан Ахметәліқызы басқарған кезде мектепте тұрмысы төмен, тәртібі қиын, көпбалалы отбасылардан шыққан балаларды тәрбиелеуде, білім беруде нәтижелі жұмыстар жүргізілген. Мектеп басшысының оқушылардың сапалы білім алуы жолында атқарған көп жылғы еңбегіде өз нәтижесін берген. Соның нәтижесінде мектеп қалалық облыстық, республикалық байқауларда үздіктер қатарынан көрініп, 2002 жылы «Жыл мектебі», 2003 жылы «Жыл білім ордасы», 2005 жылы «Ұшқыннан жалын лаулатқан Сырдың білім ордасы», 2007 жылы «Жыл-инноваторлар мектебі» атағын алды, тікелей телекөпір арқылы Елбасымен Сыр өңіріндегі бала тәрбиесі жайында сұхбаттасты. 2008 жылы химия пәнінің мұғалімі З.Б.Ділманова, 2009 жылы физика пәнінің мұғалімі Л.Х.Фаизова, 2010 жылы физика пәнінің мұғалімі Д.З.Жуматаева облыс әкімінің сыйақысына, 2011 жылы биология пәнінің мұғалімі А.Р.Қиясова, 2012 жылы орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Л.Қ.Жубатканова қала, облыс әкімінің сыйақысын иеленген. Сонымен қатар, мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары, физика және математика пәні мұғалімі Д. Жуматаеваның оқушыларды халықтық педагогика тұрғысында тәрбиелеуде (Л.Х.Фаизовамен бiрге), «Физика, астрономия пәндерiн оқытуда пайдаланылатын жұмбақтар жинағы» атты кiтапшасы (1998ж.), «Физика –7 пәнiнен сарамандық және зертханалық жұмыстар» атты №1 жұмыс дәптерi жарық көрдi (2001ж.). Қазіргі қазақстандық мектеп оқушылары пайдаланып жүрген «Физика және астрономия-7» оқу-әдістемелік кешенін (Л.Х.Фаизовамен бiрге) (2007 ж., 2012 ж.) жарыққа шығарған. Ол Қызылорда облысы әкімінің білім саласы қызметкерлеріне тағайындаған сыйақысының жүлдегері, есімі «Білім берудегі үздіктер» - «Дарынды балалар» халықаралық энциклопедияның «Құрмет тақтасына» енгізілген, Халықаралық  «Білім беруді дамытудағы үлесі үшін» және Халықаралық дәрежедегі «Ян Амос Каменский» медальдарымен  марапатталған. Осылайша, 20 жылдан астам уақыт аталған білім ордасын басқарған Раушан Ахметәліқызы мектеп мәртебесін көтеруде біршама еңбек атқарған. Ал 2008 жылдың 8 қыркүйегінен 2013 жылдың 13 қарашасы аралығында мектепті шығармашыл ұстаздарды жан-жақты ізденімпаз болуға жұмылдырып, көптеген жетістіктерге қол жеткізуге атсалысқан, «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», «Қызылорда облысына – 70 жыл», «Ы.Алтынсарин» медальдарының иегері, Парламент мәжілісінің депутаты, ҚХА мүшесі Наталья Васильевна Жұмаділдаева басқарған. Осы жылдары оқушылар арасынан білім сайыстарының жүлдегері көптеп шығып, ұстаздар арасында да қала әкімі сыйақысының жүлдегері шығады. 2013 жылы қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Л.С.Пркауова қала әкімі сыйақысына ие болады. Бұдан соң 2013 жылдың қараша айынан бастап мектепті қалалық мәслихат депутаты, Д.Қонаев атындағы ордені мен «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» мерекелік медалінің иегері Лайли Ақбергенқызы Қожаниязова басқарады. Ол – жаңашыл, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары білікті маман, оқу-тәрбие үрдісінде, оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруде өзінің кәсіби шеберлігі мен терең білімділігін көрсете білген. Лайли Ақбергенқызы ұжымдағы педагог қызметкерлермен өзінің ұстаздық іс-тәжірибесімен бөлісіп, ата-ана мен мектеп, білім беру ұйымындағы педагог қызметкерлердің өзара қарым-қатынас мәдениеті мен әдептілік нормасы, бірлік пен ынтымақтастыққа негізделген үйлесімді ортаны қалыптастыруда айтулы жұмыстар атқарады. Осылайша ол педагогтік қызметпен қатар, 2012 жылдан бастап Қызылорда қалалық V шақырылым мәслихат депутаты қызметін қоса атқарған.


Бүгінде Жәлел Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейін 2020 жылдың тамыз айынан бастап Дүйсенбаев Бақытжан Жұмабайұлы басқарып келеді. Саналы ғұмырын білім саласының өркендеуіне арнап жүрген білікті басшы бойындағы бар күш-жігері мен тәжірибесін білім ордасының одан әрі дамуына, гүлденуіне, биік тұғырдан көрінуіне жұмсап келеді. Шәкірттерге  сапалы білім, саналы тәрбие беру бағытындағы жұмысты одан әрі жандандырып, ұжыммен тіл табысып, қызығы мен шыжығы мол жұмысқа етене араласып кетті. Ол өзі басқаратын мектеп-лицейді сан жылдар бойы асыға күткен күрделі жөндеуден өткізіп, басы-қасында жүреді. Қазіргі таңда, мектеп жаңаша түрге енген. Оқушыларды да, ұстаздарды да, ата-аналарды да мектеп ғимаратының жаңа келбеті қуантуда. Сонымен қатар, жаңа модификациялық үлгідегі кабинеттердің ашылуы, білім сапасының жақсаруына  ықпал етуде. Осы орайда, биология,  физика, химия,математика, жаратылыстану бағытындағы пәндерге арналған  STEM кабинеті, география  кабинеті , бизнес және кәсіпкерлік кабинеті, дефектология кабинеті толықтай жабдықталып, пайдалануға берілген. Сонымен қатар, мектептің дәліздері жаңа үлгідегі дидактикалық материалдармен, стендтермен жабдықталып, кітапхана жанынан «Коворкинг» бұрышы ашылған. Өзіне де, өзгеге де талап қоя білетін Бақытжан Дүйсенбаев қала, облыс, республикалық  деңгейдегі марапаттармен марапатталған. Мектеп басқару ісі оңай шаруа емес. Бұл ретте Бақытжан Жұмабайұлы білікті маман екенін дәлелдеп келеді. Оның білім саласындағы еңбектері еленіп, 2012 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті медалімен, «Қызылордаға-200 жыл» мерекелік медалінің иегері. Сондай-ақ, 2019 жылы ҚР Білім және ғылым министрінен «Алғыс хат», «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының  «Құрмет грамотасын», 2021 жылы ҚР «Нұр Отан» партиясының Алғыс хаты, «Өрлеу» біліктілікті  арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы, Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Құрмет грамотасы» мен «Алғыс хатымен», 2022 жылы Қызылорда облысы әкімінің «Алғыс хатымен», қоғамдық келісім ҚММ алғыс хатымен марапатталған. Ұстаздардың шығармашылықпен жұмыс жасауына, оқушылардың сапалы білім алуына мүмкіндік жасай білген басшының ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында, жыл сайын ұстаздарымыз кәсіби байқаулардан, оқушыларымыз пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалардан жоғары нәтиже көрсетіп, республикалық деңгейде жүлделі орындарды иеленіп келеді. Биология пәні мұғалімі А.Р.Қиясова облыстық «Педагогикалық идеялар фестивалі-2021» ІІІ орын алса, республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауы ІІ орын, 2022 жылдың қараша айында республикалық деңгейде ұйымдастырылған ұстаздар арасындағы «Үздік  педагог-2022» кәсіби байқауына қатысты.  Байқауда «Үздік  педагог-2022» атағына 123 мұғалім үміткер болады. Олар байқауға қатысушы 5,5 мың педагогтің арасынан іріктелініп алынады. Конкурс қорытындысы бойынша 64 жеңімпаз анықталды. Нәтижесінде Қиясова Айгүл Райымбекқызы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  «Үздік педагог-2022» атағын және Қазақстан Республикасының «Үздік мұғалімі» төсбелгісін иеленіп, 3 миллион тенге сыйақыны жеңіп алды.


Сонымен қатар биология пәні мұғалімі А.Х.Улекешова «Үздік педагог-2020» байқауының жеңімпазы атанып, қала әкімінің сыйақысын иеленген. Сол сияқты химия пәні мұғалімі А.С.Сыздыкова да «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының облыстық кезеңінің ІІ орын иегері атанады. Сонымен қатар, алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Р.В.Огай «Ы.Алтынсарин» атындағы төсбелгіні иеленген.


Білім бәсекесінде озық келе жатқан мектеп ұстаздардың алдында тұрған басты мiндет – окушының ұлттық сана-сезiмiн оятып, тәрбиелеп қана қоймай, оның бойына халықтық педагогиканы, ғасырлар бойы қалыптасқан тiл, дiн, тәрбие, ұлттық салт-дәстүр, үлгi-өнегенi сiңiру. Оқушылар факультативтік сабақтарда қосымша білім алумен қатар түрлі спорттық секцияларға, хореография, қолөнер, экология, өлкетану сынды үйірмелерге қатысады. Білім ордасының 5-11 сыныптар аралығындағы жекелеген лицей сыныптарында 360 оқушыға пәндерді тереңдетіп оқытуға мүмкіндік жасалып, химия және биология бағытында дәрістер оқылады. Оқушылардың бос уақытын ұтымды пайдалану үшін ағылшын тілін игеру және физика, химия, биология пәндерін ағылшын тілінде игеруге дайындау мақсатында терминология үйірмелері, би өнері, баскетбол, волейбол, гандбол, жеңіл атлетика және т.б. спорт секциялары үздіксіз жұмыс істейді. Мектеп-лицейде физика, химия, биология, информатика, математика кабинеттері заманауи үлгіде жабдықталған.


Аталған білім ошағында 1989-1990 оқу жылы мен 1991-1992 оқу жылы аралығында 6 күміс медаль, 1992-1993 оқу жылы мен 2016-2017 оқу жылы аралығында 83 ерекше үлгідегі «үздік» аттестат иегерлері болса, 1999-2000 оқу жылында Қызылорда облысы бойынша ең алғашқы «Алтын белгі» иегері Роза Тайманова салған үлкен жолды жалғастырушылар қатары жылдан жылға артып келеді. 2013-2017 жылдар аралығында шығармашылықпен жұмыстанатын ұстаздар қатары көбейген. Мәселен, ҚР білім беру ісінің үздігі Г.Қошқарова, Қ.Сәтбаев   атындағы орден иегері Г.Ж.Каниева және әр оқушыны өз қабілеттерін ашып, дамытуына, икемділігі мен дағдыларын тәжірибе жүзінде қолдануына бағытталған әртүрлі формадағы оқу-тәрбие жұмыстарын нәтижелі жүргізіп отырған бастауыш сынып мұғалімдері А.Б.Айтөреева, Б.Б.Дүйсенбекова, М.М.Шүкірбаева, Қ.С.Алимова, С.Ф.Ли, Т.Н.Иваненко, И.Г.Зеленчук, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімдері Н.Нурымова, М.Ибадуллаева, А.Қозыбаева, А.Оразалиева, орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімдері Л.Жубатканова, Ж.Өмірбекова, Р.Ахметова, Н.Кубышкина, ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері С.Сентаева, Н.Нұғманова, математика физика пәндерінің мұғалімдері К.Құдайбергенова, Ш.Есімова, О.Конышева, Н.Жұманова, Г.Подгорная, Н.Новиков, химия және биология пәні мұғалімдері А.Қиясова, Т.В.Хорчина, А.Улекешова, А.Сыздыкова, география және тарих пәндерінің мұғалімдері Н.Каренеева, Г.Балкаева, Н.Ботаев, Т.Ақжолов, Л.Жунусова, технология және музыка пәнінің мұғалімдері  К.Адылова, Е.Танабаев Н.Матенов, И.Л.Пак, Н.Шамаханова, Г.Шектібаева, дене тәрбиесі мұғалімдері Е.Алматов, Г.Меңдібаева, А.Абсатов, Қ.Асанбаев, А.Сыздыков және тағы басқаларын атап өтуге болады. Жас мамандар – «Алтын Қанат» медалінің иегері тарих пәнінің мұғалімі А.Өтеш, «Мы – будущее Казахстана» ғылыми-практикалық конференциясының дипломанттары ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері  Е.Догалакова, И.Жанзақова, биология пәнінің мұғалімі Н.Сүлейменова, М.Маратова сынды бірқатар ұстаздар білім беруге өз үлесін қосып келеді.


2014-2015 оқу жылының қорытындысы бойынша мектеп түлектері халықаралық ғылыми жобаларда жеңіске жетіп, 3 түлек 125 балдық сертификат, 4 түлек «Алтын белгі», 1 оқушы «үздік» аттестат иегері атанды. Ал 2015-2016 оқу жылында бір оқушы халықаралық ғылыми жобаның жеңімпазы атанып, 125 балдық сертификат алса, екі оқушы республикалық олимпиада мен әскери жарыстарда жеңіс тұғырынан көрініп, тиісті сала бойынша  грант иеленді. 3 түлек «Алтын белгіге», 5 оқушы «үздік» аттестатқа ие болды. Сонымен қатар соңғы он шақты жылдың көлемінде қалалық, облыстық спорттық «көңілді старт» ойынының жеңімпазы болып келе жатқан «Қайсар» командасы «Хабар» телеарнасының ұйымдастыруымен өткен Республикалық «Мен-Чемпион» атты тележобасына  қатысып, 2016 жылы ІІ орын, 2017 жылы І орынды иеленді. Командаға дене шынықтыру пәні мұғалімдері Е.С.Алматов, Г.М.Меңдібаева жетекшілік етті. Халықаралық, республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы байқауларда С.Нұрманова жетекшілік ететін «Жігер» бишілер тобы жеңісімен қуантып жүреді.


Жәлел Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейі үшін 2016-2017 оқу жылы да жемісті жыл болды. Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың ІІ кезеңі қорытындысы бойынша 23 оқушы жүлделі орындар иеленіп, ІІІ кезең қорытындысымен химия пәнінен 11-сынып оқушысы Шамша Сағындық ,құқық пәнінен 10-сынып оқушысы Жұмашев Рустам, физика пәнінен 10-сынып оқушысы Хегай Артем жүлделі  ІІ және ІІІ орындарды иеленіп, мектептің мәртебесін көтереді. Республикалық олимпиаданың ІV кезеңіне жолдама алған Жұмашев Рустам командалық байқаудан жүлделі І орын иеленіп, дипломмен марапатталады. 2016-2017 оқу жылы қорытындысы бойынша, мектеп бітіруші 66 түлектің  25-і грант жеңіп, жоғарғы оқу орындарында білім алуда. Қалалық білім бөлімінің 2017 жыл қорытындысы бойынша, мектеп ұжымы «Білім алтын қазынасы» номинациясын иеленді. Бастауыш сынып мұғалімі Б.Дүйсенбекова  білім беру саласына қосқан үлесі үшін ҚР білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Қала әкімдігінің 2017 жылғы қорытындысы бойынша биология пәнінің мұғалімі А.Қиясова  «Үздік оқулық эксперті» номинациясымен  марапатталды. 11- сынып оқушысы Р.Жұмашев  2018ж ақпан айында Москвада өткен оқушылардың халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында жүлделі І орын иегері атанды. Облыс әкімі Қ.Көшербаевтың   Ресейдегі жоғарғы оқу орындарына облыстың білімді жастарының оқуға түсуіне ықпал жасауының арқасында мектеп-лицей түлектері де Ресейде білім алып жатыр. Түлектер жылына 15-20 грант көлемінде жеңіп алып отырды.


2018-2019 оқу жылы мектеп мұғалімдері үшін табысты жыл болды. Олар түрлі кәсіби байқаулардан жүлделі орындарды иеленді. Мәселен, физика пәні мұғалімі Сейдалиева Мейрамкүл қалалық «Үздік физика пәні мұғалімі-2018» байқауының І дәрежелі дипломымен марапатталды. Математика пәні мұғалімі Прназарова Гүлмира қалалық «Үздік математика пәні мұғалімі-2018» байқауының І дәрежелі дипломымен марапатталды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Маратова Меруерт «О.Бөкей оқулары» қалалық байқауынан жүлделі І орын иеленді. Жалпы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІ кезеңінен 12 оқушы жүлделі орындар иеленді. ІІ орын – 2 оқушы, ІІІ орын – 10 оқушы иеленіп, қалалық білім бөлімінің дипломдарымен марапатталды. 2018-2019 оқу жылында  жалпы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінен 30 оқушы жүлделі орындармен марапатталды. Соның ішінде, орыс тілі пәні бойынша Жұбатканова Ляззат Куанышбекқызы дайындаған 11-сынып оқушысы Мұса Ақниет жалпы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық, облыстық кезеңдерінен жүлделі І орынды иеленіп, IV республикалық кезеңінде  жүлделі ІІ орынды  жеңіп алып, мектебіміздің мақтанышына айналды. Сондай-ақ, жалпы пәндер бойынша республикалық ғылыми жоба байқауының облыстық кезеңінен биология пәні бойынша 11-сынып оқушысы Акпантаева Ляззат ІІ орын иеленді. Пән мұғалімі - Улекешова Алмагүл Халымқызы және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 11-сынып оқушысы Жақсыбай Жадыра ІІІ орынды жеңіп алды. Пән мұғалімі - Пркауова Ляззат Серикбайқызы. Биология пәнінен Улекешова Алмагуль Халымқызының даярлаған оқушысы – Акпантаева Ляззат 2019 жылдың 22-27 сәуір аралығында халықаралық деңгейде Королев қаласында өткен «Адам-Жер-Ғарыш» балалар мен жастардың Бүкілресейлік ғылыми-зерттеулік және оқу-зерттеулік жобалар олимпиадасынан  ІІ орын иеленді. 1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының республикалық ғылыми жоба «Зерде» республикалық байқауынан 5-сынып оқушысы – Келесбай Мағжан жүлделі ІІ орын иегері атанды. Пән мұғалімі Киясова Айгуль Райымбекқызы. «Первый шаг к великому изобретению» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциядан 6-сынып оқушысы Амангелді Ернар жүлделі ІІ орынды иеленіп, дипломмен марапатталды. Республикалық «Жас ғалым-2018» номинациясы бойынша 7-сынып оқушысы Қылышбек Гүлназ грамотамен марапатталады. «Первый шаг к великому изобретению» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциядан 11-сынып оқушысы Өтелова Әсел жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жалпы білім беру ұйымдарының 5-9 сынып оқушылары арасында «Қызылорда: кеше,бүгін,ертең» атты облыстық шығармалар конкурсынан 9-сынып оқушысы Абдилла Қымбат ІІ дәрежелі дипломмен марапатталған.


Мектеп ұжымына 2019-2020 оқу жылы да жемісті әрі жеңісті жыл болды.   География пәні мұғалімі Жанахметова Гүлзат қалалық «Үздік география пәні мұғалімі-2019» байқауынан ІІІ орын иеленді. Өтепбергенова Айгүл қазақ тілі мен әдебиеті «Үздік тіл маманы -2019» атты орыс бөліміндегі «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні мұғалімдерінің педагогикалық  байқауынан ІІ орын иеленді. Ильясова Эльмира мемлекеттік тілде оқитын мектептердің арасында өткізілген республикалық сырттай «Мутация» олимпиадасынан биология бағыты бойынша ІІІ орын иеленді. Биология пәні мұғалімі А.Х.Улекешова «Үздік педагог-2020» байқауының жеңімпазы атанып, қала әкімінің сыйақысын иеленді. Химия пәні мұғалімі А.С.Сыздыкова «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының облыстық кезеңінен ІІ орын иеленді. Жалпы пәндер бойынша пәндік олимпиаданың қалалық кезеңінен ағылшын тілі пәнінен Догалакова Енлик Тендиковнаның 9 д сынып оқушысы Кульдеева Камила жүлделі І орын иеленсе, Жұбатканова Ляззат Куанышбекқызы, Ботаев Нұржан  Пернебайқызы, Құдайбергенова Камила Әбдіразаққызы, Әміртаева Қаламқас Серікқызының оқушылары жүлделі ІІ орын;Көбеева Гүлайна Молдабекқызы, Кубышкина Наталия Анатольевна, Ахметова Рыскуль Надирқызы, Сыздыкова Айгерим Салютханқызы, Сатыбалдиева Әсемкул Бақытжанқызы, Ақжолов Тұрсынбек Төлеумұратұлы, Жанахметова Гулзат Калдыбекқызы, Каренеева Нағима Сейтжанқызы, Сейдәлиева Мейрамгүл Жанболатқызы, Айтбай Әлібек сынды ұстаздардың оқушылары әр алуан пәндер бойынша жүлделі ІІІ орындарды қанжығасына байлады. Сонымен қатар, жалпы пәндер бойынша ғылыми жобадан орыс тілі мен әдебиеті пәнінен Жұбатканова Ляззат Куанышбекқызының оқушысы Асылбек Нұрай Ербұланқызы жүлделі ІІ орын, химия пәні бойынша Сыздыкова Айгерим Салютханқызының 10-сынып оқушысы Құрмаш Айша ІІІ орын, информатика пәнінен Ақжігіт Дәуірхан Бижанұлының оқушысы Амраев Рузмурат ІІІ орын иеленді. 1-7 сынып оқушылары арасындағы «Зерде» ғылыми жоба байқауының облыстық кезеңінен Жүнісова Ляззат Жумағұлқызының оқушысы - Садық Ажарай ІІ орын, Жұбатканова Ляззат Куанышбекқызының оқушысы - Рыспай Бекарыс Серікұлы ІІІ орын, Кенжебекова Қаракөздің оқушысы - Мырзахмет Жаннұр ІІІ орын иеленіп, мектебіміздің мақтанышына айналды. Лингвистикалық республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде 9-сынып оқушысы Сағындық Асима жүлделі І орын иеленді. Пән мұғалімі-Сентаева Салима Турмаханқызы және 10-сынып оқушысы Нам Дарья ІІ орын иеленді. Пән мұғалімі – Догалакова Еңлік Теңдікқызы. Ал қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен А.Фейзулдаев атындағы облыстық олимпиаданың қалалық кезеңінде 8-сынып оқушысы Избанова Қарақат ІІ орын иеленіп, пән мұғалімі - Әбенов Ғалымжан жетекшілік етті. 2019-2020 оқу жылында мектепте облыстық және қалалық деңгейде әдістемелік семинарлар ұйымдастырылды. Өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбиенің дәнегін еккен ұстаздар қауымы «Өрлеу» Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы» АҚ филиалы атынан  марапатталды. Атап айтқанда, Қожаниязова Лайли Акбергенқызы, «Құрмет грамотасы»;Абенов Галимжан Абдрахманович,Прназарова Гульмира Советқызы, Менетаева Гульмира Жақыпқызы,Улекешова Алмагул Халымқызы, Нұрова Айсара Жеткергенқызы, Прмагамбетова Гүлнур Алпысбайқызы, Әшімова Ақбота Махмудқызы, Махатова Ақбота Шынболатқызы, Әбілғазиева Шаттық Ғабитқызы, Жанахметова Гүльзат Калдыбекқызы, Сейдәлиева Мейрамгүл Жанболатқызы, Санаева Айгерим Кожабергенқызы, Елубаева Назерке Сиезбайқызы, Изтелеуова Айгүл Серикбайқызы, Әміртаева Қаламқас Серикқызы алғыс хатпен марапатталды. Сонымен қатар, тәуелсіз еліміздің кемел тұлғасын қалыптастыруда жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде ерекше үлес қосқан Айтөреева Асыл Бегайдарқызы, Атырауова Айнұр Кендебайқызы, Зеленчук Ирина Григорьевна, Асанбаев Кайрат Кенесұлы «Құрмет грамотасымен» марапатталады. «2019 жыл - Жастар жылына» орай, мектеп оқушылары арасындағы «Желбіре туым мәңгілік» тақырыбында өткен қалалық әскери-патриоттық сайысында үздік нәтиже көрсетіп жалпы командалық есеп бойынша мектеп оқушылары І орынды жеңіп алғаны үшін Р.В.Огай қалалық білім бөлімінің дипломмен марапаттайды.


Білім ошағы 2019-2020 оқу жылы спорт бағытында да  жеңіс тұғырынан көрінді. Оқушылар әр алуан спорт үйірмелеріне қатысып, қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейде жоғары көрсеткіш көрсетіп, мектеп абыройын асқақтатты. «2019 жыл - Жастар жылына» орай, мектеп оқушылары арасындағы «Желбіре туым мәңгілік» тақырыбында өткен қалалық әскери-патриоттық сайысында пневматикалық вентовкадан ату түрі бойынша І орын иеленген Голованов Андрей мен ІІ орын иеленген Жаңбырбай Ляззат дипломмен марапатталды. Сонымен қатар, 7 «Б» сынып оқушысы Аманкелді Ернар республикалық  теннистен 1орын, 6 «Е»  сынып оқушысы Әбішев Таир «Чемпионат  Казахстана детско-юнишеский турнир по хоккею с шайбой» жарысынан I, II, III орын, 5 «Ж» сынып оқушысы Толқын Дияс еркін күрестен облыстық, қалалық сайыста І, ІІ,ІІІ орын, 6 «А» сынып   оқушысы Мамбетәлі Камалия гимнастикадан  қалалық, облыстық кезеңде І және ІІ орын иеленген. 5 «Г» сынып оқушысы  Бағдатов Жандос  грэпплин – гиден 2008-2009 жылғы ұлдар мен қыздар арасында қалалық біріншіліктен ІІ орын, 5Г сынып оқушысы Амангелді Диас таэквандодан облыста III орын, 8Б сынып оқушысы Махамбет Сұлтан таэквандодан балалар және кадеттер арасындағы SC «RUSLAN» клубының ашық біріншілігінде І орын, ашық турнир таэквандо «BATYR»  І орын, 8 Б сынып  оқушысы Нұрман Шахмардан жеңіл атлетикадан 60 метр жасөспірімдер мен қыздар арасында І орын, жеңіл атлетикадан 300 метр жасөспірімдер мен қыздар арасында І орын иемденді. 8 «Б» сынып  оқушысы Марат Әсел Қазақстан кубогында коркем гинастикадан І орын алып,  Сингапурдағы 4 құрлықтың чемпионатына жолдама алды. 10 «Б» сынып  оқушысы Сағымбай Қайрат дзюдодан облыстық біріншілікте ІІ орын, дзюдодан республикалық турнирде ІІ орын 2019 жыл, облыстық біріншілікте 73 кг салмақ дәрежесінде ІІ орын 2019 жыл, 90 кг салмақ дәрежесінде облыстық біріншілігінде ІІІ орын иеленген. Сағымбай Қайратқа 2019 жылы дзюдодан «Қазақстан Республикасының спорт шеберіне кандидат» атағы берілді. 8 сынып оқушысы Нұрлан Асан облыстық біріншілікте 72 кг салмақта самбодан І орын алса, 65 кг салмақта облыстық біріншілікте І орын, 66 кг салмақ  дәрежесінде республикалық турнирде ІІІ орын, 2019 жылы 63 кг салмақта облыстық біріншілікте ІІ орынды қанжығасына байлады. Сонымен бірге Жанабыл Дильназ дзюдодан республикалық жарыста І орын алса, 6 «Д» сынып Нұрқожа Батыржан «Жас Қайсар» футбол жарысында І орынды иемденді. Ал 5 «З» сынып  оқушысы Акользина Виктория 30кг салмақта таэквандодан облыс бойынша І орын иеленсе, 2 «Б» сынып оқушысы Сырымов Әділет таэквандодан қалалық жарыста І орын иеленді. Абай Ақтолқын Алекс танцы «Fecric LOKC – 2019 жыл» І орын алса, Ким Данил таэквандодан облыс бойынша І орын, Әбдіқұл Мейірхан таэквандодан ІІ орын, Шин Артем таэквандо балалар мен кадеттер арасында облыстық ашық турнирде  ІІІ орын, Шин Артем таэквандодан республика бойынша III орын иеленді.


Мектеп ұстаздары бен оқушыларының үздіксіз ізденісі мен тынымсыз еңбектенуі  нәтижесінде 2021-2022 оқу жылы да ұжым үшін табысты болды. Жалпы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінен 15 оқушы жүлделі орындарды иеленген. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 10-сынып оқушысы Сансызбаева Әсемай І орын, ағылшын тілі пәнінен 11-сынып оқушысы Кульдеева Камила І орын, пән мұғалімі Догалакова Еңлік Тендікқызы, Қазақстан тарихы пәнінен 11-сынып оқушысы Берікова Гүлім ІІ орын, пән мұғалімі Ботаев Нуржан Пернебайұлы, ағылшын тілі пәнінен 9-сынып оқушысы Ибрагимова Карина  ІІ орын, пән мұғалімі Прмагамбетова Гүлнұр Алпысбайқызы, орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 10-сынып оқушысы Абіләкім Айару ІІІ орын, пән мұғалімі Баймұратова Гүлназ Абдухақімқызы, орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 11 в сынып оқушысы Ділдабекова Нұршат ІІІ  орын, пән мұғалімі Кубышкина Наталия Анатольевна, Қазақстан тарихы пәнінен 9-сынып оқушысы Жұматай Жасия ІІІ орын, пән мұғалімі – Изтелеуова Айгүл Серикбайқызы, құқық пәнінен 11-сынып оқушысы Әлиева Луиза ІІІ орын, пән мұғалімі – Ботаев Нұржан Пернебайұлы, құқық пәнінен 10-сынып оқушысы Самадин Сымбат ІІІ орын, пән мұғалімі Жүнісова Лаззат Жұмагұлқызы, ағылшын тілі пәнінен 10-сынып оқушысы Сағындық Ділда ІІІ орын, пән мұғалімі - Тугелбаева Айымжан, математика пәнінен 11-сынып оқушысы  Аханова Динара  ІІІ орын, пән мұғалімі – Прназарова Гулмира Советқызы, биология пәнінен 11-сынып оқушысы  Зкрияева Алина ІІІ орын, пән мұғалімі – Қиясова Айгул Райымбекқызы, биология пәнінен 10-сынып оқушысы Лим Виктория ІІІ орын, пән мұғалімі – Улекешова Алмагул Галымқызы, география пәнінен 10-сынып оқушысы Ким Анастасия ІІІ орын , пән мұғалімі – Балкаева Гулмира Алипбекқызы, өзін-өзі тану пәнінен 9-сынып оқушысы Молдабек Мағжан ІІІ орын, пән мұғалімі – Ғапураева Ақнұр  Әбсаттарқызы иеленді. Ал 2021-2022 оқу жылындағы жалпы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық  кезеңінің қорытындысы бойынша, ағылшын тілі пәнінен 11-сынып оқушысы Кульдеева Камила І орын, пән мұғалімі – Догалакова Еңлік Теңдікқызы, ағылшын тілінен қала, облыс, республиканы  бағындырып, «Алтын медаль» иегері атанған  түлегіміз Күлдеева Камила мемлекеттік грант жеңіп алып, жоғарғы оқу орнының студенті атанды. Пән мұғалімі – Догалакова Енлик Тендиковна. 1-7 сынып оқушыларының арасындағы «Зерде» ғылыми  жобасына мектептен  11 оқушы жоба қорғауға қатысқан. Нәтижесінде 9 оқушы  жүлдемен оралған. Биологиядан Келесбай Аян, Сұлтанбекқызы Аяулым l орын, пән мұғалімі -   Киясова Айгул Раймбекқызы, химия пәнінен  Серік Дамир l орын, пән мұғалімі – Әлсейіт Ақерке, экология бағыты бойынша   Давутов Темирлан  l  орын, пән мұғалімі – Сәтбаева Назгул, қазақ тілінен Молдабек Маржан  ll орын, пән мұғалімі – Ақжігіт  Айгүл, медицина бағыты бойынша Тимурқызы Ақбота lll орын, пән мұғалімі – Дуйсенбекова Бибізада, Төлеубай Жансел lll орын, пән мұғалімі – Темірова Айгул, Бауыржанқызы Жания lll орын, пән мұғалімі – Ешмұратова Гүлхан, Қасым Қайсеновтың жауынгерлік жолына арналған облыстық  ғылыми жоба байқауында 6 б сынып оқушысы Мұхит  Ақниет І орын, пән мұғалімі – А.Д.Акпенбетова иеленді. Биология пәні мұғалімі А.Р.Киясова облыстық «Педагогикалық идеялар фестивалі-2021» ІІІ орын, республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауы ІІ орын иеленген. Сонымен қатар,  Республикалық ғылыми-практикалық  білім  мазмұнын сараптау  орталығының ұйымдастыруымен болған оқулықтар мен  оқу-әдістемелік кешендерге  сараптама жүргізуде  жоғары кәсібилік  пен  белсенділік танытқаны  үшін ҚР  Білім және  Ғылым  министрлігінің  Құрмет грамотасы,  Қызылорда облысының білім басқармасының Алғыс хаты, республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда үздік баяндама жасағаны үшін «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Алғыс хатымен марапатталған.


Білім ордасынан 2021-2022 оқу жылында 91 түлек түлеп ұшқан. ҰБТ қорытындысы бойынша орташа 75 баллды құраған. Оқу жылының қорытындысы бойынша 9 оқушы «Алтын белгі», 9 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанған. Ал 43 оқушы мемлекеттік грантты жеңіп алып, жоғарғы оқу орындарында өз білімдерін жалғастыруда.  Жыл қорытындысымен мектептің білім сапасы 58 процентке бағаланған.


Білім көкжиегінде 40 жылға жуық тарихы бар білім ордасының өткен 2022-2023 оқу жылы да ұстаздар мен оқушылардың жеңісті әрі жемісті еңбектерімен жалғасын тапты. Кеңес Одағының батыры Талғат Бегелдиновтің 100 жылдығына арналған қала мектептерінің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімдері арасында өткізілген әскери-қолданбалы спорт түрлерінің «АК- 74» қаруын толық емес бөлшектеу және жинақтау сайысында Әбілдаев Нұржан жүлделі ІІ орын алса, оқу орынбасары Каниева Гүлжан Жетибайқызы, Беккулиева Бақытжан Еркебайкызы облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбеттің Алғыс хатымен марапатталды. Математика пәні мұғалімі Қалжанова Айнаш «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының «Құрмет» грамотасымен марапатталды. «Ғылым әлемін ашу» тақырыбы бойынша республикалық ғылыми жобадан 6-сынып оқушысы Мейіржан Дарья ІІІ орын, жетекшісі Шералы Майгүл, 2-7 сынып оқушылары арасында өткізілген "Зерде" ғылыми жоба байқауының қалалық кезеңінен  мектеп оқушылары топ жарып, жеңіс тұғырынан көрінген. Биология секциясы бойынша жүлделі 1-орынды  6-сынып оқушысы Сұлтанбекқызы Аяулым иеленген, жетекшісі Киясова Айгүл Раймбекқызы, химия секциясы бойынша 7-сынып оқушысы Мирашева Әсел 2-орын, Жетекшісі – Әлсейіт Ақерке Бахытқызы, қазақ тілі секциясы бойынша 6-сынып оқушысы Қоныс Адина 3-орын жетекшісі – Нұрымова Нұргүль Айтурганқызы. Ағылшын секциясы бойынша Нұрадинова Малика 4- сынып оқушысы жүлделі 3-орын, жетекшісі – Шералы Майгүл Жамбылбекқызы, ағылшын секциясы бойынша Темірбек Уали жүлделі 3- орын, жетекшісі – Әшімова Ақбота Махмудқызы иеленді. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінен мектеп оқушылары үнемі жақсы нәтиже көрсетіп келеді. Мәселен, 10 сынып оқушысы Юн Анастасия  «Химия» секциясы бойынша 1 орын, жетекшісі Меңлібаева Айгерім, 10-сынып оқушысы Бекетова Томирис «Қазақ тілі» секциясы бойынша грамота алса, жетекшісі Пркауова Ляззат Серикбайқызы, 10-сынып оқушысы Байжанова Маржан - «Орыс тілі» секциясы бойынша грамота, жетекшісі Жұбатканова Ляззат Қуанышбекқызы, 11- сынып оқушысы Муслим Амина - «Ағылшын» секциясы бойынша грамота, жетекшісі Сентаева Салима Турмаханқызы, 2-7 сынып оқушыларының арасындағы «Зерде ғылыми-зерттеу» байқауының облыстық кезеңінен Сұлтанбекқызы Аяулым жүлделі 3-орын, пән мұғалімі – Киясова Айгүл Райымбекқызы иеленді.


Мектептің даму бағдарламасында олимпиада, ғылыми жоба, кәсіби байқаулар бойынша, білім сапасы, жаңа модификациядағы кабинеттер санын ұлғайту, жаратылыстану бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқытуды күшейту, мұғалімдердің білім жетілдіруі мен санатын көтеру бағытындағы жұмыстарды одан әрі жандандыру мәселелері қамтылған. Тәрбие бағытында да  жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Спорттық шараларға да белсене араласатын мектеп ұжымы түрлі жарыстардан оза шауып жүр. Мәселен, мектеп ұжымына қалалық волейбол жарысы 2-орын, 3-орын алғаны үшін Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы   дипломымен марапатталса, Қызылорда облысы білім басқармасының  Алғыс хаты, Қызылорда қаласы білім бөлімінің дипломы, Құрмет грамотасы, Қызылода облысының білім басқармасы  аймақтық дене тәрбиесі методикалық орталығының  дипломы,  Қызылорда облыстық білім басқармасының  Құрмет грамотасы, алғыс хаты, Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігі Алғыс хаты, Қызылорда облысының мәдениет және спорт  басқармасы дипломы, Қызылорда облысының дене шынықтыру  және спорт басқармасы дипломы, мектеп оқушылар арасындағы дәстүрлі  қалалық спартакиадада дипломы, халықаралық жарыста үздік  жаттықтырушы дипломы, Түркістан  облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы дипломы, Қызылорда қаласының әкімі алғыс хаты табысталған.


Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейі тек білім ғана емес оқушыларға тәлім беруде де өзгелерге үлгі боларлықтай. Мектеп қабырғасында оқушылардың шығармашылығын шыңдау, рухани тәрбие беруі ісіне басымдық берген. Атап айтқанда, «Мектеп театр» жобасы бойынша атқарылған жұмыстары бойынша қала көлемінде түрлі театрлық қойылымдар қойылып, жүлделі орындармен марапатталған. Оқушылар «Түлкі мен қырғауыл», «Алтын балта», «Үш көбелек»  әңгімелерінің, Шарль Перроның «Золушка» атты ертегісінің қойылымын қойған. Қойылымды жүзеге асырған хореграф Нұрманова Салтанат Султанғазықызы. Ертегіні ойнаған 9-10 сынып оқушылары, кейіпкерлерін нағыз театр әртістері сияқты көрсете алып, ертегінің мазмұнын әдемі әуенмен көркемдеп, бимен әсерлеп жеткізіп, көрермен көзайымына айналған. Соынмен қатар № 23 Ж. Қизатов атындағы мектеп-лицей кітапханасында «Оқуға құштар мектеп»  жобасы бойынша атқарылған жұмыстар бойынша «Ата-аналармен 20 минут кітап оқу» жобасы аясында отбасылық кітап оқу дәстүрін жаңғырту мақсатында отбасымен бірге кітап оқып, кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында оқушылары ата-анасымен бірге кітапханаға келіп, кітаптарды таңдап, өзіне ұнаған шығарманы аналарымен бірге оқып, талдап, көптеген мәліметтер алуға мүмкіндік жасалған. осы сияқты түрлі танымдық, рухани іс-шаралар мектеп қабырғасында жиі өткізу үрдіске айналған.