Әйелін қызғанған ер адам суицид жасамақ болған

218
Павлодарлық полицей суицидтен ер адамды құтқарып алды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz ақпарат көзіне сілтеме жасап.

15 қазан сағат 17.30 шамасында Павлодар қаласының полициясына Генерал Дүйсенов, 1 көшесінде орналасқан электр мұнарасында ер адам суицид жасамақшы деген хабарлама келіп түскен.

«Көрсетілген мекенжайға дереу полиция қызметкерлері жіберілді. Оқиға орнына бірінші болып патрульдік полиция батальоны келді. Лейтенант Олжас Тілеубергенов мұнараға көтеріліп (шамамен 10 қабатты үй), ер адаммен сөйлесе бастады. 1984 жылы туған павлодарлық есірткілік масаю жағдайында болғаны, жұбайын қызғанғаннан өз-өзіне қол жұмсау туралы шешім қабылдағаны анықталды», деді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметі бастығы орынбасарының міндетін атқарушы Азамат Күркебаев.

Полиция қызметкерімен біршама әңгімелескеннен кейін ер адам төменге түскен. Кейін ол психиатриялық топтың қызметкерлеріне тапсырылып, психиатриялық емханаға жатқызылған. Ер адамды құтқару сәті полицейдің бейнежетонына түсіп қалды.