«Мен педагогпін». Қапшағайда бейтаныс әйел костюммен шомылып жүр

1 551

Фото: видеодан скриншотҚапшағайда демалып жүрген бейтаныс әйел көлде кәдімгі күнделікті жұмысқа киетін кастюммен шомылып жүр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ол бұл әрекетін «мен педагогпін, маған купальникпен шомылуға болмайды» деп түсіндіреді.


"Мен Қапшағайда жүрмін. Мен – педагогпін. Маған купальникпен шомылуға болмайды. Мен кастюммен түстім. Мен ешқашан өзімнің педагок екенімді ұмытпауым қажет. Мен қай жерде болсам да – педагогпын!", – дейді ол.


Бұл видеоны көрген әлеуметтік желі қолданушылардың пікірі сан түрлі. “Бұл былтырғы Түркияның түнгі клубына барған мұғалімдерді қолдау акциясы ма?”, “Педагогтарда ойын күлкімен өмір сүруге хұқылы.” т.б. қатарлы түрлі ойлар жазылып жатыр.