Тоқаев әкесі туралы фильм түсіруге тапсырма бермеген

665

Әлеуметтік желіде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесіне арналған “Кемел” (Әке тағдыры) атты фильм түсірілетіні туралы ақпарат тараған, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі  Экспресс К сайтына сілтеме жасап. 

Менің кітабымдағы оқиғалардың негізінде кино түсіргелі жатқанын оқыдым. Бұл туралы ешкімге ешқандай тапсырма берген жоқпын. Бермеймін де. Мұндайды қаламаймын,— деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы өзі жазған "Әке туралы ой-толғау" кітабынан бас тартпайтынын, мазмұнды туынды деп есептейтінін айтты. 

Себебі, жастарға да пайдалы дүние. Бұл — менің әке-шеше алдындағы перзенттік борышым, деді Президент.


Әлеуметтік желіде Nar Media Group компаниясының Кемел Тоқаев туралы фильмге түсіруге кіріскені туралы ақпарат тараған. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.