Әйел күйеуін аяусыз соққылады

1 514

Фото; PinterestТүркістан облысының полициясы күйеуін ұрды деп айыпталған әйелге қатысты қорғау нұсқамасын шығарды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

"Криминальный Казахстан" Telegram-арнасында әйелі аяусыз соққыға жыққанына шағымданған Түркістан облысының тұрғыны жөнінде видео жарияланды.

"Ер адамның айтуынша, отбасылық жанжал кезінде әйелі оны оқтаумен ұрып, көзінен айыра жаздаған. Жәбірленуші болған оқиғаны баяндаған сәтін видеоға түсірген.Ол полиция шақырғанын, алайда ешкім келмегенін айтып отыр. Кейін ер адам ауруханаға жеткізіліп, сол жерде арыз жазған. Жәбірленушінің туыстары мұндай жағдай бірінші рет болып тұрған жоқ деп мәлімдеп, әйелді жауапқа тартуды талап етіп отыр", - делінген жазбада.Сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында әйелге қатысты қорғау нұсқамасы шығарылып, мұндай құқықбұзушылықтарға жол бермеу жөнінде профилактикалық әңгіме жүргізілді", - деп жауап берді ПД өкілдері.

Бұл жайтқа қатысты "Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.