Қызылорда облысында тепловоз бен көлік соқтығысты

431

Тепловоз бен жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан автокөлік жолаушысы ауруханаға түсті,- деп  хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Оқиға 29 мамыр күні түскі уақыт шамасында болған.

Қызылорда облыстық Полиция департаментінің мәліметінше Арал аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Қамыстыбас елді мекенінің тұсындағы реттелмейтін (кезекшісіз) теміржол өткелінде ВАЗ автокөлігі мен тепловоз соқтығысқаны туралы хабарлаған. Көлік апатына ВАЗ жүргізушісінің жол ережесін сақтамауы себеп болып отыр. 

Қызылорда облыстық ПД-нің баспасөз қызметі


Қызылорда облыстық ПД-нің мәліметінше Арал аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Қамыстыбас елді мекенінің тұсындағы реттелмейтін (кезекшісіз) теміржол өткелінде ВАЗ автокөлігі мен тепловоз соқтығысқаны туралы хабар берген. Көлік апатына ВАЗ жүргізушісінің жол ережесін сақтамау себеп болып отыр.
Қызылорда облыстық ПД-нің баспасөз қызметі
"Оқиғаны Арал аудандық полиция бөлімінің ақпараттарды есепке алу кiтабына тіркеді. Тексеру барысында Қамыстыбас елді мекенінің тұрғыны бір жолаушысымен теміржол өткелінде жол-көлік оқиғасына ұшырағаны анықталды. Дене жарақатын алған көліктің жолаушысы Қазалы аудандық ауруханасына жеткізілді. Автокөлік жүргізушісіне қатысты ӘҚБтК-тің 607, 610-бабымен хаттама рәсімделді", — делінген хабарламада.