Қазақстан түрмелерінде 40 мың бақылау камерасы орнатылды

1 346

Фото: pixabay.comБас прокуратура кезекті кеңесінде колонияларда 40 мың бейнебақылау орнатылып, сотталғандар тікелей өтініш бере алатын 600 электронды терминал қойылғанын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бас прокурор Берік Асылов пенитенциарлық жүйеде азаптаудың алдын алуға ерекше мән беретінін айтты. Сотталғандардан түскен кез келген қатыгездік туралы сигнал азаптау призмасы арқылы қаралады.

«Сотталғандардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін құрметтеу мен қорғау – бұл заңның тікелей талабы. Сондай-ақ, олардың сәтті әлеуметтенуі қоғамдағы құқықтық тәртіпті сақтаудың маңызды аспектісі», – деді қадағалау органының басшысы.  

Соңғы жылдары қылмыстық-атқару жүйесінде реформа жүргізіліп, қоғамдық бақылау кеңейтілді. Осының аясында колонияларда толық бейнебақылау жүйесі енгізілді 40 мың бейнекамера орнатылған сондай-ақ сотталғандардың тікелей өтініш беруі үшін 600 электронды терминал қойылды.