DW: Назарбаевтың қызы мен күйеу баласы Германияда құны 100 миллион еуро тұратын мүлікке иелік етеді
298
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы қызы Динара Назарбаева мен оның күйеуі Тимур Құлыбаевқа қатысы бар компаниялар Германияның Зеело қаласында 100 миллион еуроға бағаланған виллаға, хансарайға және екі мейманханаға иелік етеді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Azattyq сайтына сілтеме жасап.
Осылай деп Deutsche Welle (DW) басылымы хабарлады.
Мәліметке қарағанда, 19 ғасырда Зеелодағы хансарай белгілі орыс дипломаты, құпия кеңесші Михаил Хрептовичтің жазғы резиденциясы болған. Оның қазақстандық жаңа қожайындары он жыл бойы қайта жөндеу жұмыстарын жүргізіп, құрылысты екі жыл бұрын ғана аяқтаған.
Онда фонтандар орнатылған ландшафтты саябақ және 1 мың шаршы метр жерді алып жатқан спа алаңы бар. 25 метрлік бассейн үстіндегі терезе спутниктен түсірілген суреттерден де көрініп тұр.
Бұл мүліктің бағасы 60 миллион еуро. Журналистер Германиядағы компаниялардың реестріне сілтеме жасап, объектіде реконструкция жұмысын жүргізген жылдары Schloss Seelach Invest компаниясының жарғылық капиталы да дәл осындай сомаға көбейгенін білдіреді.
Үйді қайта жөндеу жұмысына қатысқан адамдардың бірінің айтуынша, үй иелері бұл үшін "ақша аяған емес". Жұмысшылар әрбір атқарған жұмыстарын суретке түсіріп, Қазақстанға жіберіп отырған.
Бұдан бөлек, Назарбаевтардың отбасына вилла мен екі мейрамхана тиесілі. Хансарайға иелік ететін Schloss Seelach Invest GmbH компаниясы Verus Praedium International қазақ компаниясына тиесілі. Өз кезегінде оған "Алматыдағы "Кипрос" компаниясы иелік етеді.
Ашық реестрдегі тізімге сәйкес, Тимур Құлыбаев Schloss Seelach Invest GmbH компаниясының бенефициары болып саналады.
Ол реестрге сәйкес, Тимур және Динара Құлыбаевалар Қазақстандағы Mercury Properties компаниясы арқылы Германиядағы Bühlerhöhe Castle Invest GmbH компаниясына иелік етеді. Бұл компанияға Германиядағы екі мейманхана тиесілі.