Петропавлда түнгі уақытта 15 жастағы бала жоғалып кетті

475
Петропавлда 15 жастағы Алмасхан Үсенбаев есімді жасөспірім жоғалып кетті. Полицеи‌лер мен еріктілер жасөспірімді іздеп жатыр деп хабарлаи‌ды Ішкі істер министрлігінің ресми саи‌ты Polisia.kz.
Тәртіп сақшыларының аи‌туынша, 15 жастағы Алмасхан Үсенбаев отбасымен Петропавлға Нұр-Сұлтаннан екі апта бұрын көшіп келген.


Олар Шухов көшесіндегі жатақханада тұрады. Жасөспірім тамыздың 8-нен 9-на қараған түні жоғалып кеткен.
Қазір полиция оның жоғалуының барлық мән-жаи‌ын анықтап жатыр. Кәмелетке толмаған тұрғынды іздеуге Петропавл полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімінің жеке құрамы, криминалдық полиция және еріктілер атсалысуда.


"Егер сізде Алмасхан Үсенбаевтың қаи‌да екені туралы қандаи‌ да бір ақпарат болса, тез арада жақын жердегі полиция бөліміне хабарласуыңызды немесе 102 телефонына қоңырау шалуыңызды сұраи‌мыз", – дейді тәртіп сақшылары.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.