Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевты еске алу кеші өтті

352
Қазақ поэзиясында үлкен қолтаңба қалдырған  лирик ақын Мұқағали Мақатаевтың  өлеңдерін  білмейтін  қазақ жоқ шығар ,сірә?,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Ақынның туған күні қарсаңында ЗК-169/4 мекемесі жанындағы кешкі мектеп филиалында мектеп мұғалімдері ақиық ақын М.Мақатаевтың  туған күніне орай «Поэзия, менімен егізбе едің» тақырыбында әдеби кеш өткізді. 

Кеште мектеп оқушылары ақынның жырларын  оқып, ақынның өз дауысында  оқыған өлеңдерін тыңдады. 

"Ақын өлеңдерін бала күнімнен жаттап өстім. Бүгінгі кеште ақынның" Шеше, сен бақыттысың" өлеңін жатқа айтып, ақиық ақынның өмірінен де тың мәліметтер білдім. Шарадан керемет әсер алдым. Шараны ұйымдастырған мекеме әкімшілігіне алғысым шексіз"-деді сотталған азамат.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.