Энергетика – экономиканың драйвері

1 504

Өңірлік коммуникациялар қызметіШаруашылықтың аса маңызды салаларының бірі – энергетикасы, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бұл сала өнеркәсіп пен қоғамның барлық өндіргіш күшінің аумақтық орналасуы мен дамуына әсер етеді. Сол себепті де, энергетика саласын республика шаруашылығының жетекші саласы деуге толық негіз бар. Қазіргі кезде ауылдық елді мекендерді газбен қамтамасыз ету аса маңызды. Өткен жылдың қорытындысымен облыс аумағында 4 қала және 35 ауылдық елді мекен табиғи газға қосылып, тұрғындарды газдандыру үлесі 75 пайызды құрады. Ал биыл 4 ауылдық елді мекен табиғи газбен қамтамасыз етілді. Жыл соңына дейін тағы 7 ауылдық елді мекен газдандырылатын болады деп күтілуде. Салада атқарылған сан түрлі жұмыстарды облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Медет Усаин Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде баяндады. 


"Ауыз сумен қамту бойынша облыста 230 ауылдық елді мекеннің 204-і немесе халық санымен алғанда 98,4 пайызы орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Қалған 26 ауылда 7 мыңнан аса адам немесе ауыл халқының 1,6 пайызы қоныстанған. 26 елді мекендегі халықты 100 пайыз ауыз сумен қамту бойынша кезеңдік жоспар бекітіліп, соған сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесінде, барлық елді мекендер 2025 жылдың соңына дейін сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады",- деді Медет Усаин.


Бүгінде облыс аумағында жалпы ұзындығы 10 490 шақырым электр желілері және әр-түрлі кернеуліктегі 2008 дана қосалқы станциялары бар. Олардың тозу деңгейі 66 пайызды құрайды. Ал жауапты мамандар жыл соңына бұл көрсеткішті төмендетуге жұмыс жасамақ.


"2024 жылы электр жүйелерінің құрылысы мен жаңғырту жобаларын жүзеге асыруға тиісті қаржы қаралды. Бөлінген қаржы көлеміне 374,5 шақырым электр желісі мен 67 дана қосалқы станцияны қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілетін болады. Нәтижесінде тозу деңгейі 66 пайыздан 64 пайызға дейін төмендетіледі деп күтілуде",- деді Медет Усаин.