Балалардың “өліммен ойыны“ видеоға түсіп қалды

1 680

Фото: Видео кадрыҚарағанды облысында үш оқушының жолда аса қауіпті әрекет жасаған сәті видеоға түсіп қалды. Теміртауда жасөспірімдер қозғалыстағы газельге жармасып, көлік жолымен сырғанаған. Бұл жағдай қоғамда алаңдаушылық тудырып отыр,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Полиция жедел әрекет етіп, балалардың жеке тұлғаларын анықтады. Олардың жасы 10–11-де екені белгілі болды. Ата-аналарымен бірге олар полиция бөліміне жеткізілді. Енді бұл оқушылар мектепішілік есепке алынып, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиямен кездеседі.

"Ата-аналар балаларын дұрыс тәрбиелемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материалдар кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жолданды. Полиция тәрбие шараларын елемеу ауыр салдарға әкелуі мүмкін екенін еске салып, балалармен қауіпсіздік туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді сұрайды", – деп хабарлады Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметі.

 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.