Министрлік үй аралауға шыққан ба?

2 524

Әлеуметтік желілерде өзін Оқу-ағарту министрлігінің қызметкерлері ретінде таныстырған адамдардың үйлерді аралап жүргені туралы видеолар мен хабарламалар таралуда,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Фото: pixabay.comМинистрліктің мәліметінше, оның қызметкерлері халықтың үйін аралап, жеке деректер жинамайды және мұндай тапсырма берілмеген. Сондықтан өзін министрлік өкілі деп таныстырып, құжат талап еткен немесе үйге кіруге тырысқан адамдардың ведомствоға еш қатысы жоқ.

«Бұл тұлғалардың іс-әрекеті — алаяқтық болуы мүмкін. Министрлік олардың заңсыз әрекеттеріне жауап бермейді. Қырағылық танытып, мұндай жағдай орын алса, дереу құқық қорғау органдарына хабарласыңыздар», — делінген ресми хабарламада.

Оқу-ағарту министрлігі азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге және күмәнді жағдайларда бірден құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырды.