Жамбыл облысында өзара бәстескен ер адамдар фельдшермен жанжалдасып оны атып кеткен

2 253

Фото: Pixabay.comЖамбыл облысы Байзақ ауылында екі жігіт дефибрилляторды дені сау адамға қолданса, не болатынына қызығып, соңында адам зардап шекті,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Екі жігіт жедел жәрдемде жұмыс істейтін жергілікті фельдшерге жүгінуді ұйғарды. Салдарынан медицина қызметкері зардап шекті.

Фельдшер жүрек ырғағы қалыпты адамға дефибрилляторды қолдану қауіпті және жүректің тоқтап қалуына әкелетінін түсіндірсе де, маманның сөзіне ерлердің бірі сенбеген. Олар маманның сөзіне дәлел ретінде "эксперимент" жасауды талап етті. Әңгіме тез арада жанжалға ұласты. Дау кезінде ер адам травматикалық тапаншасын алып, фельдшердің кеуде тұсына оқ атқан, содан кейін қашып кеткен.

Сол жақ қабырға астынан жарақат алған фельдшер Байзақ аудандық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Атқан ер адамға іздеу жарияланды, полиция іздестіріп жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.