Ер адам жалға алған кафесін сатып жіберген

1 517

Фото: ©ЖИ арқылы жасалды/ChatGPTАстана қаласының криминалдық полиция қызметкерлері ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен 41 жастағы елорда тұрғынын ұстады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті кәсіпкерлік нысанды белгілі бір мерзімге жалға алып, оны өзіне тиесілі мүлік ретінде таныстырған. Сатып алушымен келіссөз жүргізіп, өзін кафенің заңды иесі ретінде көрсеткен ол жалған мәліметтер арқылы жәбірленушінің сеніміне кірген.

 Кейін жалған сатып алу-сату мәмілесін жасап, жәбірленушіден 21 миллион теңге көлемінде ақша алған. Қаражатты иемденгеннен кейін күдікті өз міндеттемелерін орындамай, оқиға орнынан бой тасалаған. Алданғанын түсінген жәбірленуші полицияға жүгінген. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, ол ұсталған.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, күдіктінің мұндай әрекетті алдын ала жоспарлап, бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену мақсатында әдейі ұйымдастырғаны анықталды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады полиция қызметкері.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.