"Не жеңемін, не өлемін": Қамауға алынған оппозиционер Жыланбаев аштық жариялады

1 539

Қамауға алынған оппозиционер Марат Жыланбаев аштық жариялады,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Ол дегеніне жеткенше нәр татпайтынын айтты.

"Адамдар менің еш кінәм жоқ екенін көргенін және соттың ашық өткенін қалаймын. Сондай-ақ кеше мен аштық жарияладым. Дегеніме жеткенше нәр татпаймын. Не жеңемін, не өлемін", - деді ол.


Марат Жыланбаев "тыйым салынған ұйымға қатысу" (Қылмыстық кодекстің 405-бабы) және "экстремистік ұйымның қызметін қаржыландыру" (Қылмыстық кодекстің 258-бабы) бойынша күдікті.


Айта кетейік, бұған дейін белсенді өз ісіне қатысты соттың жабық өткенімен келіспей, наразылық белгісі ретінде аузын тігіп тастаған болатын. Ал тергеу изоляторының әкімшілігі оның аузындағы тігістерді күштеп алып тастаған. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.